Бүгін облыстық соттардың 2019 жылғы жұмыс қорытындылары туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.
Іс-шараға облыстық соттың азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Жомарт Рүстембеков пен Нұрмұхаммат Абидов, сондай-ақ БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Ғалым Құлекеев қатысты.
Ж.Рүстембеков азаматтық және әкімшілік даулардағы соттардың жұмысы туралы айтты. 2019 жылдың 12 айында облыс соттарына 27 715 талап арыз келіп түсті, 26 066 азаматтық іс өндіріспен аяқталған, оның ішінде шешім шығарумен 17 010 азаматтық іс қаралған, оның 62 шешімінің немесе 0,4 % апелляциялық тәртіппен күші жойылған, 142 сот актісі немесе 0,8 % өзгертілген. 13 288 адамға қатысты 13 288 әкімшілік іс қаралды. Баяндамашы соттардың дауларды шешудің балама әдістерін қолдану қарқынының өсіп келе жатқандығын және оң нәтижелерін атап өтті. «2019 жылдың қорытындысы бойынша облыстық соттар 1218 медиация келісімін жасауға байланысты өндірісті тоқтатты — барлық аяқталған істердің 4,7% құрайды. Бітімгершілік келісім жасасумен 330 азаматтық іс тоқтатылды (аяқталған істер санының 1,3%). 5 іс партисипативтік келісім арқылы қаралған (барлық аяқталған істердің 0,02%), 533 әкімшілік іс медиатордың қатысуымен қаралды. Ал 2018 жылы медиация келісімін жасауға байланысты — 1087 өндірісті тоқтатты немесе барлық аяқталған істердің 3,1% құрады. Бітімгершілік келісім жасасумен 184 азаматтық іс тоқтатылды (аяқталған істер санының 0,5%). 5 іс бойынша бірлескен келісім жасалды (аяқталған істер санының 0,01%). 332 әкімшілік істер медиатордың қатысуымен қаралды», — деді спикер.
Сонымен бірге, азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Парламент Мәжілісінде қаралған «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сот ісінің заманауи форматтарын енгізу, қажетсіз сот процедуралары мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына назар аударды. Спикердің айтуынша, жоба азаматтық процесстегі сот билігінің жоғарылауымен, сонымен қатар процеске қатысушылардың рөлін шоғырландырумен байланысты. Ол процессуалдық үнемдеуді арттыратын және қажетсіз сот процедуралары мен шығындарын алып тастайтын іс жүргізу әрекеттерін реттеуге бағытталған; сондай-ақ соттардағы цифрландыруды одан әрі дамыту.
Қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Н.Әбидов қатысушыларға қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың нәтижелері туралы хабарлады. Мәселен, өткен жылы облыс соттарына 2357 қылмыстық іс түсті. Оның ішінде үкім шығару арқылы 1896 тұлғаға қатысты 1694 қылмыстық іс қаралған, 336 тұлғаға қатысты 288 қылмыстық іс қысқартылған. 7 тұлғаға қатысты 7 қылмыстық іс медициналық шаралар қолдану туралы шешім қабылданумен қаралды. Барлығы 1845 тұлға сотталған, оның ішінде 398 (22,6%) тұлға бас бостандығынан айырылған, 136 (7,4%) тұлға шартты түрде сотталған, бас бостандығын айырудан басқа да жазаға тартылғандар –1287 (69,7%) тұлға, 65-72 баптарға сәйкес 20 тұлға жазадан босатылған, рахымшылық бойынша 4 тұлға босатылған. Барлық ақталғандар 51 тұлға (үкім шығарылған 1896 тұлғаның ішінен 2,7 % құраған). Алқабилердің қатысуымен іс қаралмаған.
Н.Әбидов, қатысушыларға қолданыстағы қылмыстық заңның, атап айтқанда, 2019 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық процессуалды заңнамасын жетілдіру және жеке тұлғалардың құқығын қорғауды күшейту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заңдарының қолданылуын түсіндірді.
Ғ.Күлекеев бұқаралық ақпарат құралдарымен облыстық соттардың жұмыс барысы туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, баяндамашы 2019 жылдың қараша айында Жамбыл облыстық соты өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өткенін айтып, соттың тарихына қысқаша тоқтала кетті. Мерейтойға орай жергілікті телеарна арнайы екі тілде «Жамбыл облыстық соты — 80 жыл» атты бейнеролик дайындады, онда Жамбыл қаласының тарихи суреттері түсірілген және халық соты алғаш құрылғанын баяндаған. Сонымен қатар, сот мерейтойға арналған кітаптар жасап, келген қонақтарға тарту етті.
Брифинг барысында спикерлер журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі