• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл – Франция: Қарашөкеев форумда өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды

Астанада Қазақстан-Франция инвестициялық форумы өтіп, оған екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының 300-ден астам өкілі қатысты.

Turan Redaktor Turan Redaktor
29.05.2025, 14:26
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
Жамбыл – Франция: Қарашөкеев форумда өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды
21
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Форумның ашылуында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі – Франция екенін атап өтті.

Пленарлық сессияда Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін таныстырды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі инвестициялық жобаларды қолдау және ынталандыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

– Жамбыл облысы серіктестікті кеңейтуге, жаңа бастамаларды іске асыруға дайын. Өңір агроөнеркәсіптік кешеннен бастап, «жасыл» энергетика мен жоғары технологиялық өндірістерге дейінгі бірлескен жобаларды дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие, – деп атап өтті облыс әкімі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы мен Франция арасындағы тауар айналымы 6,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 57,2 пайызға жоғары. Экспорт 5 млн долларға, ал импорт 1,7 млн долларға жетті.

Өңірде Француз капиталының қатысуымен үш ірі жоба сәтті жүзеге асырылды: TotalEnergies күн электр станциясы (100 МВт), Saint-Gobain гипс зауыты (жылына 250 мың тонна), Vicat цемент зауыты (жылына 1,2 млн тонна).

Қазіргі уақытта тағы екі ірі жоба іске асырылуда: қуаты 1 ГВт TotalEnergies жел электр станциясы және Alstom электровоз құрастыру зауыты (жылына 250 бірлік).

Облыс әкімі Француз кәсіпкерлеріне тау-кен металлургия кластерін құру, агрохимия өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сияқты салалардағы инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері туралы хабарлады.

Шетелдік компаниялардың өңірдің бірегей шикізат қорына деген қызығушылықтың артуын ескере отырып, болашақта облыс қара және түсті металлургияны дамытуда әлеуетті орталық ретінде қарастырылады.

Ербол Қарашөкеев Fufeng компаниясының жүгеріні қайта өңдеу зауытының құрылысын мысалға келтіріп, мұндай жобалар сабақтас салалардың  дамуына жол ашатынын айтты.

Егіс алқаптарының кеңеюі мен жаңа өндірістердің іске қосылуына байланысты өңірде ылғал үнемдейтін технологиялар белсенді енгізілуде.

– Біз француздық бизнесті заманауи агротехнологияларды қолдана отырып, қайта өңдеу кәсіпорындарын құруға шақырамыз, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыста инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін салықтық преференциялары мен толық инфрақұрылымы бар «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы, жобаны іске қосқанға дейін жер телімін тегін жалға алу мүмкіндігімен «Тараз» индустриялық аймағы, сондай-ақ дайын алаңдар мен жеңілдік шарттары бар шағын өнеркәсіптік аймақтар қарастырылған. 2025 жылдың соңына дейін олардың жалпы аумағы 100 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылады.

2025 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге (190,8 млрд теңге) өсті.

Бұл өңірдің инвесторлар үшін сенімді әрі болашағы зор серіктес, ұзақмерзімді стратегиялық ынтымақтастыққа дайын аймақ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Аймақта кәсіпорындардың сұранысын ескере отырып, жаңа өндіріс орындарына білікті кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөлінуде.

Пленарлық сессия барысында Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің тең төрағалары – «Визор Холдинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжанов пен «Vicat» компаниялар тобының бас директоры Ги Сидос, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, сондай-ақ Францияның Сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтары жөніндегі уәкілетті министрі Лоран Сен-Мартен, өңірлердің әкімдері мен бірқатар компания өкілдері сөз сөйледі.

Жамбыл облысының әкімдігі

Тегтер: FORUMАстанаЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысыҚазақстан Франция
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.