• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ПАТЕРНАЛИСТІК КӨЗҚАРАСТЫ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қамқорлық ерекше. Оларға мемлекет тарапынан ұсынылатын қаржылай көмек пен әлеуметтік қызметтерден бөлек көңілдерін аулап, шаттыққа бөлеу мақсатында да ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Өз кезегінде мұндай шаралар патерналистік көзқарастың алдын-алуға сеп болады.

turan_admin turan_admin
11.05.2024, 09:18
Азаматтық қоғам институттары, Аудан жаңалықтары
Жамбыл облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды
146
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мәселен, жуырда Жамбыл аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен “Жастар ресурстық орталығында”  республикалық жыр бәйгесінің бас жүлдегері, «Жарық» фестивалінің дипломанты, өлеңдері республикалық жас ақындардың антологиясына енген  жергілікті ақын  Қуаныш Ауғанбаевтың «Құс көзіндегі сағыныш» атты  кітап бенефисі өтті.

Қуаныш Ауғанбаевтың «Құс көзіндегі сағыныш» кітабынан кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып берді және «Элегия» өлеңінің аудиожазылымы композициямен тыңдалды. Кеш қонақтары Сансызбай Бертайұлы, Қуаныш Ауғанбаевтың жаңа  кітабының шығу тарихына тоқталса,  Анарбай Тұрсынхан жырларына талдау жасады. Жас ақынның ұстазы  Клара Момынжанова кеш иесінің   балалық шағы мен шығармашылығы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, оқу залының кітапханашысы Манабаева Нурипа Қуаныш Ауғанбаевтың «Құс көзіндегі сағыныш» атты кітабына библиографиялық шолу жасады.

Ал жақында Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімі кітапханашысы З.Хожамкулова «Туған жерім -алтын қазығым» атты  үлкен топ қызмет алушыларына туған өлкеміз жайлы  мәліметтер беріп, сұрақ -жауаптар алмасты. Басқосуға жиналғандарға тарихи ақпараттар  беріліп, ауданның шығу тарихы, осы аймақтан шыққан құрметті азаматтаржайындакөптеген мағлұматтар айтылды. Өз кезегінде ерекше жандар аудан тарихы жайында ақпараттарды браиль үлгісіндегі кітапхана түсіру қажеттігі жайында ұсыныс тастады.

Тағы бір маңызды шара, Жастар ресурстық орталығы мен аудандық полиция қызметкерімен бірлесе ұйымдастыруымен зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында Аса ауылындағы дүкендерінде рейдтік жұмыстар жүргізілді. Рейд барысында кәмелетжасқа толмаған балаларға алкоголь, темекі өнімдерін сатпау туралы Заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қазіргі уақытта жастардың зиянды әдеттерге әуестігін тежеу үшін мемлекет тарапынан шектеу қойылғандығы туралы ескертіліп,  қатаң шара қолданылатындығы айтылды.

Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024– 2029  жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 2024  жылдың 19 cәуірінде Аса ауылы «Жасмин» сауда орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Жамбыл ауданының тұрғындары және жұмыс іздеуші  азаматтар қатысып, оларға  аудан бойынша 9 мекемеден түскен 21 тұрақты жұмыс орындары  ұсынылды. Сонымен қатар,  мемлекеттік қолдау шаралары  түсіндіріліп оның ішінде, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, алғашқы жұмыс орны, жастар практикасы, Солтүстік  өңірлерге ерікті қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жүрекке мейірім ұялататын тағы бір жаңалық, 10 баланы бауырына басқан көпбалалы әке балаларымен бірге тазалық акциясына үлес қосты. «Өнегелі ұрпақ»  апталығы аясында Жамбыл ауданы Құмтиін ауылының тұрғыны, көпбалалы отбасы Оспановтар жанұясы аулаға жеміс талдарын отырғызды. Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығының» мамандары бірлесіп, атсалысты.  Марат Оспанов жұбайы екеуі балалар үйінен 10 баланы бауырына басқан жандар. Ерекшелігі, балалар әртүрлі ұлттан. Бүгінде олар мейірім мен сыйластық орнаған жанұяда әке тәрбиесін, ана өнегесін көріп, қазақ тілін меңгеріп, алды оқу орнына түсіп, өсіп келеді. Көпбалалы әке барлық баланы білімге құштарлықпен қатар еңбекке баулыған. Бауырлар көктем шығысымен аулада егін егіп,  қыздар анасына қолғабыс етеді. Марат Оспанов үлгілі жаняұның бірегей үлгісін көрсетіп қана қоймай, үнемі қайырымдылық іс-шараларда белсенділік танытып келеді. Осы ерен еңбегі үшін ол жақында ғана  «Қайырымдылық керуені» VI республикалық конкурсының «Туған жер» номинациясының иегері атанды.

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.