Жуалы аудандық орталық ауруханасына облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен артериялық қысымды күнделікті бақылауға
арналған «Валента» деа аталатын жүрек-қан тамырлары сырқаттарын анағұрлым терең диагностикадан өткізуге мүмкіндік беретін 4 дана жаңа жабдық алынып, аудан халқына пайдалануға берілді.
«Бұл- ұзақ электрокардиограмма жүргізуге мүмкіндік беретін портативті аспап. Оның көмегімен жүрек жұмысын бақылау ЭКГ секілді болжамды емес, ол — нақты патологияны анықтайды.Сондай-ақ, «өткінші», яғни, кейде әдеттегі кардиограмма анықтай алмайтын тұрақсыз бұзылыстарды да
анықтауға мүмкіншілігі мол,- дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрбай Ергебеков.
Әр аппарат 100 мыңға дейін адамға қызмет етуге есептелген. Бүгінде Жуалы
ауданы бойынша артериалды қан қысымымен 3193 науқас есепке алынған.
Жүрек тамырлары соғысы мен оның ауруы ақауын дәл анықтайтын аталмыш
жабдыққа тексерілу үшін тұрғындар жергілікті емханасына келіп, дәрігердің
тағайындамасы бойынша өте алады.
Пациенттің кеуде қуысына электродтар жапсырылып, мата сөмкеде
орналасқан диагностикалық аспап иығынан асып ілініп, орналастырылып,
қолына холтерлік бақылау күнделігі беріледі. Онда ұйқы, денеге түсетін
ауырлық, күйзеліс, дәрі қабылдау, тамақ қабылдау, сырқат белгілері (егер бар
болса) – ауыру, бас айналуы және т.б. жазылуы тиіс. Бір тәулік ішінде
аппарат автоматты түрде пациенттің артериалдық қан қысымын
өлшейді.Өйткені, көбінесе жүрек соғысы мен қысым адамға білдірмей соғып,
деңгейін де сездірмей, тиісті қалпынан өзгертіп отырады екен. Сондықтан,
оны дер кезінде анықтаған маңызды.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі