• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:50
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жұманғарин Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқасы өтті

Серік Жұманғарин Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқасында бюджет-салық саясатының басымдықтарын белгіледі

turan_admin turan_admin
27.02.2026, 07:06
Қазақстан жаңалықтары
Жұманғарин Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқасы өтті
105
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқасына қатысты.

Вице-премьер ведомствоның мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтіп, қызметкерлердің жас буыны елдің бюджет жүйесін тиімді басқару жұмысын лайықты жалғастырып келе жатқанын атап көрсетті.

Оның айтуынша, Үкіметтің экономикалық блогының алдында ауқымды міндеттер тұр. Оны жүзеге асыру көбінесе Қаржы министрлігінің жүйелі әрі мақсатты жұмысына байланысты.

«Өткен жылы мемлекеттік қаржыны шоғырландыруға арналған бюджет-салық реформасы жүргізілді. Бүгінде оны жүзеге асыруда Қаржы министрлігі шешуші рөл атқарады. Мемлекеттің әлеуметтік бағдарын сақтай отырып, біз бюджет шығыстарын қатаң тексеріп отыруымыз қажет», — деді Серік Жұманғарин.

2026 жылғы басымдықтың бірі – тиімсіз шығыстарды анықтап, бюджеттік бағдарламаларды оңтайландыру мақсатында жан-жақты қайта қарау.

Салықтық әкімшілендіруге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 4 трлн теңгеден аса салық түсіру міндеті қойылды. Бұл ретте әкімшілендіру цифрлық құралдарға негізделіп, әділ болып қалуы және бизнеске артық қысым жасамауы тиіс.

Вице-премьер қаржы блогының цифрлық трансформациясы жүйелік сипат алғанын атап өтті. Smart Data Finance талдамалық базасы құрылып, салық төлеушілердің қызметін қадағалау жүйесі енгізілді. Бұл ретте барлық цифрлық шешім үздіксіз жұмыс істеуі тиіс. Себебі салықтық басқарудың жаңа моделі цифрлық қызметтің сапасына тікелей байланысты.

Сондай-ақ, алқа барысында бизнесті жаңа Салық кодексіне біртіндеп бейімдеу үшін «Таза парақ» бір реттік акциясы жүзеге асырылып, Салық кодексінің жаңа нормаларын имплементациялау мәселесі Жобалық кеңсе шеңберінде апта сайын талқыланатыны атап өтілді.

Микро және шағын бизнес 2026 жылғы 1 сәуірге дейін негізгі борышын өтеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұлды есептемей, жеңілдетілген жою рәсімін пайдалана алады. ҚҚС бойынша есепке уақтылы қойылмағаны үшін салынатын айыппұл да жойылады.

Салық қатынастарын қайта іске қосу шеңберінде:

— 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған есеп беру бойынша, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдегі міндеттемеге камералдық бақылау тоқтатылды;

— 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңдері бойынша салықтық тексерулер мен әкімшілік жазалар тоқтатылды;

— 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған мәмілелер мен тіркеулерді жарамсыз деп тану туралы талап қою тоқтатылды.

Бұл шаралар салық төлеу еріктілігін арттырып, мемлекет пен бизнестің жаңа өзара іс-қимылы моделін қалыптастыруға арналған.

2026 жылы салық жүйесін цифрландыру жалғасады. Оңайлатылған декларацияны автоматтандыру, салық есептілігі нысандарын алдын ала толтыру, салық төлеушілер үшін ЖИ-сервис енгізу, Мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқорын басқа ведомстволармен интеграциялау жоспарланған. Заңды тұлғалар үшін төлемдерді автоматты түрде есептен шығаратын «Салық әмияны» тетігі енгізіледі.

«Цифрлық ҚҚС» жобасы шеңберінде негізгі ақпараттық жүйелерді интеграциялау жалғасады. Мемлекеттік сатып алу саласында цифрлық теңге қолданылатын пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары 42 қызмет түрін көрсетеді. Оның 39-ы (92%) электрондық форматқа ауыстырылды. 13 қызмет толық автоматтандырылған, 37-сіне eGov.kz порталында қол жеткізіледі. Бизнесті проактивті сүйемелдеу сервистік моделіне көшу жұмысы жалғасады.

Тегтер: ЖумангаринҚАРЖЫэкономика
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.