Облыстық квест ойындарына Тараз қаласы мен аудандардан 17 команда қатысты. Әр команда құрамында ережеге сәйкес кемінде 3 этнос өкілдері болды.
Квест ойындары «Бәйтерек» мөлтек ауданы, ҚР тұңғыш Президенті саябағында орналасқан амфитеатр, «Қазақстан Premier» кинотеатры, Қарахан баба аллеясы, «Достық үйі» Қоғамдық келісім мекемесі орындарын қамтыды.
Әр бекітілген орынға бару үшін түрлі логикалық тапсырмалар мен интеллектуалды сұрақтар қойылды. Әр орында қатысушы командаларды волонтерлер мен Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері күтіп алып, тимбилдинг ойындарын ойнатып, Қазақ халқының тарихы, Тараз қаласының тарихы, әдебиет, спорт, кино және тағы басқа салаларды қамтыған түрлі форматты тапсмырмаларды берді.
5 кезеңнен тұратын квест ойындары қорытындысы бойынша І орынды Тараз-Туризм орталығының қызметкерлерінен құралған «Жауқазын» командасы (150 мың тг), ІІ орынды Шу ауданынан келген «Шу жастары» командасы (100 мың тг), ІІІ орынды Тараз қаласынан «Тараз жастары» мен «Найзағай Маквин» командалары (50 мың тг) иеленді
Ал, интеллектуалды ойынға белсенді қатысып, ерекше көзге түскені үшін «Белсенді команда» номинациясына Байзақ ауданы жастарынан құралған команда алса, ал, «Креативті команда» номинациясына «Ассамблея жастары» командасы ие болып, 25 мың теңгеде ынталандыру сыйақылары берілді.
Сонымен қатар, барлық командаларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табысталды.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранттық қаржыландыру аясында «Тілдік және этникалық белгілері бойынша арнамыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» жобасы барысында дайындалды.