• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:55
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қылмысты алдын-алудың маңызы жоғары

turan_admin turan_admin
19.08.2022, 11:31
Абырой
Қылмысты алдын-алудың маңызы жоғары
124
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, онда ішкі істер органдарының бірінші жартыжылдықтағы жедел-қызметінің қорытындылары, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.Бұл туралы Turaninfo.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстың жалпы саны 1,1 пайызға азайған. Ал қылмыстың ең көп тараған түрі – ұрлық болып отыр.

Алдын алу шараларының нәтижесінде ұрлықтың жалпы саны азайып, ауыр қылмыстардың ашылуы 1,8 пайызға артқан. Ішкі істер органдарында тіркелген әрбір қалта ұрысына әлеуметтік төлқұжат жасалды. Жазасын өтеп келгендермен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері мал бағу ережелерін сақтамағаны үшін олардың иелеріне ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 743 хаттама толтырылған. Мал ұрлығымен айналысқан 11 қылмыстық топтың бесеуі ұсталса, 41 күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша интернет-алаяқтық фактілері азайған (271-ден 152-ге дейін).

Облыс әкімі жағымды статистикалық мәліметтерге қарамастан бірден бес ауданда мал ұрлығының жиілеп кеткеніне назар аударды. Полиция департаментіне осы бағытта профилактикалық жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Ішкі саясат бөліміне аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, тұрғындар арасында мал бағу ережелерін бұзуға жол бермеу, мұндай бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ, тұрғындарды БАҚ арқылы алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертуді тапсырды.

  • Тұрғындар әлеуметтік желіде көліктерді заңсыз техникалық байқаудан өткізуге қатысты мәселелерді жиі көтеріп жүр. Өкінішке орай, статистикалық деректер жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол-көлік жүргізушілерінің кінәсінен орын алатынын көрсетіп отыр», – деді облыс әкімі.

Бұл мәселе бойынша көліктік бақылау инспекциясына ескерту жасалды.

– Жауапты адамдар: түзетеміз немесе түзетіп қойдық, кінәлілерді жазалаймыз деуге дағдыланған. Бірақ бұл сұрақ өте маңызды. Жол-көлік оқиғаларының салдарынан адамдар өмірімен қоштасып жатыр. Қылышты жау кеткеннен соң сермеудің қажеті жоқ. Мұндай апаттарды болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңдар», — деді аймақ басшысы департамент басшылығына.

Талқылаудың тағы бір бөлігі кәмелетке толмағандар арасындағы Қылмысқа қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шараларына арналды.

Ішкі саясат, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт басқармаларына және Полиция департаментіне профилактикалық іс — шаралардың бірлескен кешенді жоспарын жасау, полиция департаментіне — ювеналды полицияның жұмысын жандандыру, аудандық әкімдіктерге-мектеп психологтарының біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.

Өңір басшысы бірқатар аудан әкімдерінің, аудандық полиция бөлімдері басшыларының құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу мәселелері жөніндегі есептерін тыңдады.

Отырысқа қатысушылар учаскелік инспекторлардың баспанасымен біріктірілген учаскелік полиция пункттерінің құрылыс барысын да талқылады. Өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Байзақ ауданында осындай бес пункт, Тараз қаласында төрт модульдік полиция пункті пайдалануға берілді. Биыл Жамбыл, Байзақ аудандарында, Таразда бес учаскелік полиция пунктін салу жоспарлануда. Облыс әкімі жыл сайын барлық аудандарда осындай пункттерді кезең-кезеңімен салуды тапсырды.

Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе — есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл. Есепті кезеңде облыс аумағында 286 есірткі қылмысы тіркелген (2021 жылдың ұқсас кезеңінде — 324). «Қарасора-2022» арнайы жедел-алдын алу іс-шарасының 44 күндік қорытындысы бойынша 82 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 750 келіге жуық түрлі есірткі заты тәркіленген. 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.