• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 22:27
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Ясауи кесенесінің күмбезін шұғыл қорғау қажет: Реставрацияға қанша қаржы бөлінді?

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
09.09.2026, 15:59
Қала жаңалықтары
«Ясауи кесенесінің күмбезін шұғыл қорғау қажет: Реставрацияға қанша қаржы бөлінді?
108
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау мәселесі кейінге қалдыруға болмайтын мемлекеттік маңызы бар міндетке айналды. Кесенедегі реставрациялық жұмыстарға биыл республикалық бюджеттен 88 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті BAQ.KZтілшісінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, 600 жылдан астам тарихы бар сәулет ескерткішінде жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Қазір кесененің Қазандық күмбезі мен күмбезаралық кеңістігінде реставрациялық жұмыстар белсенді жүріп жатыр.

Күмбезді қорғау үшін шұғыл шаралар қажет

Мәдениет комитетінің жауабында кесене күмбезін табиғи-климаттық факторлардың әсерінен қорғау үшін уақытша қорғаныс шараларын шұғыл жүргізу қажеттігі айтылған.

Атап айтқанда, инвентарлық емес ағаш тіреуіштер орнатып, полимерлі металл жабынды қолдану арқылы уақытша қорғаныс жабынын жасау көзделіп отыр.

Бұзылудың алдын алу және күмбезді табиғи-климаттық факторлардың тікелей әсерінен қорғау мақсатында уақытша қорғаныс шараларының кешенін шұғыл түрде орындау қажет, – делінген ресми жауапта.

Мұндай құрылыс күмбездің зақымдалған бөліктеріне жауын-шашын мен күн радиациясының әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кейінгі зерттеу және реставрация жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге жағдай жасап, тарихи әшекей элементтерінің одан әрі бүлінуіне жол бермеуі тиіс.

Реставрацияға қанша қаржы бөлінді?

2026 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарға республикалық бюджеттен 88 млн теңге бөлінген. Жұмыстарды «Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК жүргізіп жатыр.

Ал 2027 жылы реставрацияны жалғастыруға республикалық бюджеттен тағы 60 млн теңге бөлу жоспарланған.

Комитет мәліметінше, реставрациялық жұмыстарға шетелдік сарапшылар тартылмаған. Барлық жұмысты қазақстандық реставраторлар атқарып жатыр.

Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесін 2026-2028 жылдарға арналған басқару жоспары әзірленген.

Кесенеге күніне 2 мыңға жуық адам кіреді

Туристік маусым наурыз айында басталып, қазан айының ортасына дейін жалғасады. Наурыз мерекесі кезінде кесенеге 9-10 мыңға жуық адам келеді. Ал орташа есеппен бір күнде тарихи нысанды 2 мыңға жуық адам аралайды.

Министрлік туристер ағыны кесененің техникалық жағдайына зиян келтірмейтінін атап өтті. Келушілердің бір мезетте бір жерге шамадан тыс шоғырлануына жол бермеу үшін туристік маусымда музейдің жұмыс кестесіне, ашылу және жабылу уақытына өзгерістер енгізіледі.

Ал туристік маусым аяқталып, күн суытқан кезде, яғни қараша мен ақпан аралығында келушілер саны тәулігіне шамамен 200-500 адамға дейін төмендейді.

Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихы600 жылдан асады. Бірегей сәулет ескерткіші ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген. Мәдениет комитеті бүгінде тарихи нысанды сақтап қалуды ерекше мемлекеттік маңызы бар міндет деп бағалап отыр.

Тегтер: turaninfoturaninfo.kzқайта жөндеуҚАРЖЫЯсауи кесенесі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тараз көшелері күн сайын тазартылуда

Тараз көшелері күн сайын тазартылуда

02.11.2026, 15:31
Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

31.10.2026, 17:54
Таразда қала тазалығына бағытталған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Таразда қала тазалығына бағытталған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

31.10.2026, 17:04
Жібек жолы ауданында абаттандыру жұмыстары жандануда

Жібек жолы ауданында абаттандыру жұмыстары жандануда

29.10.2026, 19:34
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және цифрлық даму: «Әділет» кандидаттары Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

11.11.2026, 19:44

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.