• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда жаңа әлеуметтік дүкендер ашылады

turan_admin turan_admin
17.11.2020, 11:52
Облыс жаңалықтары
Таразда жаңа әлеуметтік дүкендер ашылады
347
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

14 қараша, сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы сауда нысандарын аралады. Алдымен аймақ басшысы әлеуметтік павильондардың жұмысымен танысты.

«Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар азық-түлік дүкендеріне қарағанда арзанырақ сатылуда. Айталық, нан — 55 теңге, қарақұмық жармасының келісі — 315 теңге, қант — 190 теңге, пияз — 55 теңге. Бағалардың төмендігіне қарамастан, мұнда ұзын-сонар кезек жоқ.

— Біз аз қамтылған отбасыларға көмектесеміз десек, әсіресе орынды дұрыс таңдауға көңіл бөлуіміз керек. Әлеуметтік павильондардың санын 15-ке арттырудың жолын ойластырыңыздар. Сонымен қатар, олардың сыртқы дизайнын да өзгерту керек, — деп тапсырды Бердібек Сапарбаев.

Бұдан соң облыс әкімі әлеуметтік дүкен жанындағы «Smart» супермаркетіне ат басын бұрып, нанның бағасына назар аударды. Қазір бір бөлке нан 83 теңгеден сатылуда. Өткен айда наубайшылар ұнның қымбаттағанын алға тартып, нан бағасын 95 теңгеге көтерген болатын. Алайда, аймақ басшысының тікелей араласуымен әлеуметтік маңызы бар өнімнің бағасы қайта төмендетілді.

Сөрелерді бір шолып шыққан аймақ басшысы өңірде өндірілетін тауарлардың аз екеніне қынжылыс білдірді.

Содан кейін Бердібек Сапарбаев тағы бір әлеуметтік павильон болуы тиіс дүңгіршекке бас сұқты. Бірақ мұнда арзан тауарлар емес, сыртқы жағында жазылған жазуға қарағанда, лағман әзірлейтін орын тұр. Есігі тарс жабық. «Тараз» ӘКК «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Олжас Қаржауов дүңгіршектің жабық тұрғанына бір жылға жуық уақыт болғанын айтты. Жақын арада павильонды қаланың басқа ықшамауданына ауыстыру жоспарлануда екен.

— Санитарлық нормалар неге сақталмайды? Жақын маңда аяқ киім жөнделіп жатыр. Қаланың келбеті туралы ойлауымыз керек, — деп атап өтті облыс әкімі.

«Корзинка» желісінің супермаркеттерінің біріне бара жатып, облыс әкімі ашық жатқан кәріз шұңқырына назар аударды.

— Қараңғыда біреу құлап кетсе, не болады? — деген аймақ басшысы ашуланып, люкті шұғыл жабуды бұйырды.

Аталған дүкенде нан 78 теңгеден сатылуда. Облыс әкімі супермаркетті өңірлік өнімдердің бар-жоғын тексерді. Мұнда Меркі ірімшігі зауытының айраны басқа өндірушілердің ұқсас тауарларына қарағанда 5-10 теңгеге арзан.

— Жамбыл облысында өндірілген тауарлардың үлесі жалпы көлемнің шамамен 35 пайызын құрайды. Олардың арасында шұжық, сүт, ет өнімдері бар. Әр апта сайын біз тауарлардың қол жетімділігін арттыру үшін түрлі акциялар өткіземіз, — деді дүкен директоры Қарлығаш Сатанова.

Облыс әкімі облыста өндірілетін өнім көлемін ұлғайтумен қатар, бағаның негізсіз көтерілмеуін қадағалау қажет екендігіне назар аударып, қала әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасына нақты тапсырмалар жүктеді

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.