• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда медициналық университеттің филиалы ашылды

turan_admin turan_admin
29.12.2020, 11:23
Жаңалықтар
Таразда медициналық университеттің филиалы ашылды
609
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі Жамбыл өңірі үшін де, әсіресе ауылдық жерлерде маңызды болып отыр. Облыс басшылығы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен бірлесіп, жоғары деңгейлі кадрларды даярлаудың өзіндік жүйесін жолға қоя отырып, аталған мәселені түбегейлі шешуді жоспарлауда.

Дүйсенбі, 28 желтоқсан күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин Тараз қаласындағы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасында  аталған университеттің филиалын ашты. 

Бастапқы кезде шамамен 100 адам оқуды бастауда десек, резиденттерді белсенді түрде тарту көзделген.

Колледж директоры Жәмила Сарыбекова қонақтарға пәндік кабинеттерді аралатып, телестудия, мұражай, кітапхана және мемлекет электрондық қызметтерді ұсынуға арналған ғимараттарды таныстырды. Өңір басшысы  мүгедектігі бар студенттердің білім алуына жасалған жағдайдың, инклюзивті білім беруді дамыту мен түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігіне көңіл бөлді.

Жәмила Сарыбекованың айтуынша, колледжде инклюзивті топ құрылған. Түлектерді жұмысқа орналастыру үшін облыстағы 41 денсаулық сақтау мекемесімен ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасалған.

Колледж ұжымымен кездесуде Бердібек Сапарбаев пандемия жағдайында денсаулық сақтау саласын мемлекеттік қолдау айтарлықтай артқанын атап өтті.

— Пандемия біздің бұрыннан келе жатқан мәселелерімізді, бірінші кезекте саладағы кадрлардың тапшылығын көрсетіп берді. Бүгінгі күні шамамен 250 бос жұмыс орны бар. Мәселе жүйелі түрде шешілуі керек. Осыны ескеріп біз қыркүйек айында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетімен ынтымақтастық орнатып, тиісті меморандум жасадық. ЖОО-ның тәжірибелі дәрігерлері шалғай аудандардағы жергілікті медициналық қызметкерлерге көмектесіп, тәжірибелерімен бөліседі. Бұл тәжірибелі дәрігерлермен, профессорлармен қоян-қолтық жұмыс істеп, тәжірибесін меңгеруге, ғылымды дамытуға тамаша мүмкіндік, — деп атап өтті аймақ басшысы.

Талғат Нұрғожиннің айтуынша, ынтымақтастық барлық тараптарға тиімді. Университет колледж оқытушылары үшін докторантурада оқуды ұйымдастыруға, оқу процесіне жаңа технологияларды енгізуге қабілетті. Жапония және басқа да дамыған елдердің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орната отырып, жамбылдық оқытушылар мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін сол жаққа жіберуге болады.

— Жұмыс жолға қойыла келе басқа да мүмкіндіктер ашылатын болады, — деп түйіндеді Талғат Нұрғожин.

Өңір басшысы төрт компьютерлік аппарат пен екі магнитті-резонанстық томография, ангиографтар және басқа заманауи жабдықтар сатып алу жоспарлары туралы қысқаша айтып өтті. Бердібек Сапарбаев мұндай қондырғылар әрбір ауданда болуы керектігін алға тартты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41
Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

05.08.2026, 16:32

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.