• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
24.11.2026, 16:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда үйі өртеніп кеткен отбасыға жаңа баспана берілді

turan_admin turan_admin
28.07.2020, 15:37
Облыс жаңалықтары
Таразда үйі өртеніп кеткен отбасыға жаңа баспана берілді
235
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ағымдағы жылы 1 маусым күні оқыстан шыққан өрт салдарынан үйі толығымен жанып кеткен тараздық Мария Кириакиди кәмелетке толмаған үш баласымен бірге далада қалған болатын. Бұл оқиға туралы хабар әлеуметтік желілерде жедел тарап, көптеген қамқор жандар отбасының қиын халіне алаңдаушылық білдіріп, жанашырлық танытқан еді. Қала әкімдігі де көмек қолың соза білді.

Өрт сөндірушілер өрттің электр желілеріндегі ақаудан орын алғанын, жану аумағы 100 шаршы метрді құрағанын анықтады. Абырой болғанда, әйел мен балалар тілсіз жаудан аман қалған. Әйтпесе, үйдегі барлық заттар, жиһаздар, ақша және құжаттар түгел жанып кеткен. Қиын жағдайға тап болған жалғызбасты ана қала тұрғындарынан көмек сұрады. Еріктілер оқиға туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде таратуға көмектесіп, зардап шеккен отбасы үшін көмек жинады.

Қайырымды жандардың арқасында зардап шеккендерге алғашқы қолдау көрсетілді. Өз есімін жасырғысы келген тараздық кәсіпкерлердің бірі аталған отбасының мүмкіндігінше тезірек үйлі болуына көңіл бөледі. Ол жеке қаражатынан 9,2 миллион теңгеге төрт бөлмелі үй сатып алып беріп, бүгінде үй-күйсіз қалған әйел бала-шағасымен бірге сонда тұрып жатыр. Оның орнына Мария барлық құжаттар қалпына келтірілгеннен кейін, өзінің өртенген үйі орналасқан жер телімін кәсіпкерге береді.

— Мен бұл ұсынысқа қуана келістім, өйткені өрттен кейін үйімізді өз бетімізше қалпына келтіре алмас едік.  Күйеуім қайтыс болған, екі ұл мен бір қызымды өзім жалғыз тәрбиелеп отырмын. Бізге жаңа үй қатты ұнады. Енді балалардың өздерінің армандаған жеке бөлмелері болады. Қазіргі таңда  өміріміз біртіңдеп жақсарып келеді. Қайырымды адамдар күн сайын қоңырау шалып, көмек ұсынуда. Біреулері киім мен аяқ киім, енді біреуі жиһаз бен құрал-жабдықтар әкеп беруде. Азық — түлікпен де көмектесуде. Мысалы, ұйғыр этномәдени орталығының өкілдері оқиға орын алған кезден бастап қол ұшын созуда. Біз барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Біздің қаламызда қиын сәттерде көмекке келуге дайын көптеген мейірімді, кішіпейіл адамдар бар екенін сезіну үлкен қуаныш, — деді Мария Кириакиди.

Сондай-ақ, әйел қала әкімдігінің көрсеткен қолдауын айрықша атап өтті. Әкімдік қызметкерлері бұл отбасының баспанасыз қалмауына өз деңгейінде атсалыса білген. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы отбасына 277 мың теңге көлемінде материалдық көмек төленген. «Жасыл Ел — Тараз» ЖШС-нің қызметкерлері Марияның ауласын абаттандыруға, ескі ағаштарды бұтауға, қоршауды сырлауға тегін көмектескен.

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Марияға құжаттарды қалпына келтіруге барлық тиісті көмек көрсетіледі.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауызсу, газ, жол және ауыл тазалығы Амалбек Бейбіттің сайлауалды бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:58

Ветеринар маман Амалбек Бейбіт ауыл шаруашылығын дамыту және мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру мәселесін көтермек

24.11.2026, 14:57

Жастардың шығармашылық бастамалары мен ұлттық спортты дамыту Заида Рысқұлованың бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:56

Заида Рысқұлова ауылдық мәдениет үйлерінің жұмысын жандандыруды ұсынды

24.11.2026, 14:55

Қуаныш Заурбеков ауыл жолдарын жөндеу, ауызсу және көше жарығы мәселелерін көтермек

24.11.2026, 14:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.