• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

turan_admin turan_admin
20.08.2021, 11:13
Денсаулық
Таразда Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
132
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Таразда Халықаралық «Визуалдаудың заманауи құралдарын қолдана отырып, мультидисциплинарлық эндохирургиялық тәсіл» атты ғылыми- практикалық конференция өтті.

Қазақстандық эндоскопиялық хирургтар Ассоциациясының Президенті, м.ғ.д., профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Владимир Котлобовский бастаған Украина, Мәскеу және Қазақстан ғалымдарынан құралған топ 1 апта бойы Тараз қалалық көпбейінді, Жамбыл облыстық көпбейінді, облыстық көпбейінді балалар ауруханасында шеберлік сыныптарын жасап, күрделі отадан кейінгі асқынулардың алдын алу және оларды эндоскопиялық құралдардың көмегімен емдеу жөніндегі тәжірибелермен бөлісіп, ересектер мен балалар арасындағы қауіпсіз эндохирургия бағытында тренажерлар мен симуляторлармен практикалық сабақтар өткізді.

Биыл Қазақстан Республикасында алғашқы эндобейнехирургиялық операция жасалғанына 30 жыл толады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс осы кезеңде бұл әдіс талай сынақ пен тәжірибелерден өтті, дегенмен бүгінде ол ірі ғылыми клиникалардан бастап, орталық аудандық ауруханаларға дейін хирургиялық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде кеңінен қолданылуда.

Осы уақыт ішінде отандық денсаулық сақтау саласында айтарлықтай өзгерістер болды: кардиология және кардиохирургия, диагностика, емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу – осының барлығы орташа өмір сүру ұзақтығын арттыруға, өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік берді. 2020 жылы пайда болған COVID-19 пандемиясы материалдық- техникалық базаны нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту, медицина персоналының кадрлық кәсіптік деңгейін арттыру секілді мәселелердің кезек күттірмейтіндігін көрсетті.

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында қауіпсіз бейнеэндохирургия медицинаның түрлі салаларында, соның ішінде балалар хирургиясында айтарлықтай серпіліс жасады.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында арнайы құрылғылар, құралдар, оптикалық құрылғылар және теледидар техникасы пайда болды, бұл кішкентай пункциялар арқылы кең кесусіз стандартты қуыс хирургиясын жүргізуге мүмкіндік берді.

Салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде эндохирургия бүкіл әлемді жаулап алды, мамандардың пікірінше, асептика мен антисептиканың, интубациялық анестезияның және басқа да ұлы жаңалықтардың ашылуымен салыстыруға болады.

​Эндобейнехирургия — хирургиялық емдеудің қазіргі заманғы бағыты, оған — операциядан кейінгі дәстүрлі тыртықтардың болмауы, жүргізілетін операциялардың аз жарақаттануы, пациенттерді жылдам оңалту және бұрынғы тыныс-тіршілігіне оралу тән.

Лапароскопиялық операциялардан кейін асқынулар саны және араласудан кейінгі еңбекке жарамсыздық кезеңінің орташа ұзақтығы дәстүрлі хирургиялық емдеумен салыстырғанда 1-2 айдан 3-7 күнге дейін күрт төмендейді. Ғалымдардың тәжірибесі мен білімі – Жамбыл облысында эндобейнехирургияның одан әрі дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев конференцияға өзі келіп, шет елдік және Қазақстандық ғалымдардың Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының базасында бір аптадан бері 33-тен астам түрлі эндобейнехирургияның шеберлік сыныбын өткізіп, ергілікті хирургтар мен дәрігерлерге тәжірибелік сабақтар жүргізді. Конференция барысында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына лазерлі электрохирургиялық кешен сатып алу үшін 40 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

Суреттерді түсірген Юрий Ким

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Анасы биіктен тастап жіберген балалардың жағдайы қалай?

Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді

29.08.2026, 19:26
Қарашөкеев 78 мемлекеттік білім беру грантын бөлді

Қарашөкеев 78 мемлекеттік білім беру грантын бөлді

13.08.2026, 08:51
Жамбыл облысында лицензиясыз жұмыс істеген 59 медициналық объект анықталды

Жамбыл облысында лицензиясыз жұмыс істеген 59 медициналық объект анықталды

05.02.2026, 11:37
«Гипспен, отадан кейін де таяқ жедім»: дәрігер отбасындағы зорлық-зомбылық туралы ашық айтты

«Гипспен, отадан кейін де таяқ жедім»: дәрігер отбасындағы зорлық-зомбылық туралы ашық айтты

26.01.2026, 10:27

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.