• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда ардагерлердің VIII облыстық есеп беру -сайлау конференциясы өтті

turan_admin turan_admin
10.09.2021, 14:51
Облыс жаңалықтары
Таразда ардагерлердің VIII облыстық есеп беру -сайлау конференциясы өтті
104
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ардагерлердің VIII облыстық есеп беру-сайлау конференциясына қатысты. Аймақ басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесіндегі  Қазақстанның қол жеткізген табыстары мен  жетістіктеріне  аға ұрпақтың қосқан өлшеусіз  үлесі айрықша екенін атап өтті.

  — Сіздер барлық күш-жігерлеріңізді еліміздің өркендеу жолында сарп еттіңіздер, уақытпен санаспай еңбек еттіңіздер, бүгінгі толқын да сол сіздер көрсеткен сара жолмен дәстүрлерді мұқият сақтай отырып, сіздердің істеріңіз бен бастамаларыңызды жүзеге асыруда. Соның жарқын мысалы ретінде облысымызда жүзеге асырылып жатқан  Асар дәстүрін алайық. Осы дәстүрге негізделген «Асалатып үй салу» жобасы бойынша  өңірде  көптеген отбасы баспаналы болып, бақытқа бөленді.  Егер біз осындай  игі істерді алдағы уақытта да жалғастырып,  жастарға үлгі көрсетсек, тәжірибе алмассақ, онда біздің  еліміздің  болашағы жарқын болады, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

  Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты екенін, экономикалық көрсеткіштердің де жаман емес екенін атап өтті. Тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және қысқы маусымға дайындық — алдыңғы қатарда. Сонымен қатар, әркім мемлекеттік бағдарламалардың барлық мүмкіндіктерін пайдалануы керек екенін айтты.

  Жақында аймақта коронавирус пандемиясына байланысты жағдай біршама тұрақталды, бірақ әлі де арқаны кеңге салуға ерте.    Тек соңғы 24 сағат ішінде 75 науқас анықталды, сондықтан санитарлық нормаларды қатаң сақтау, барлық жерде халықты вакцинациялау қажет.                           Аймақ басшысы бүгінде Байзақ өңірінде қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын да атап өтті. Жарылыстар мен өрттен қаза тапқандардың отбасылары қолдаусыз қалмайды.                                           

Жиында облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Еркінбек Солтыбаев ардагерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қолдау Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Ардагерлер» туралы Заңында заңнамалық тұрғыда бекітілген мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі  екенін  атап өтті.

Ал бүгінде облыстық ардагерлер кеңесінің де, басқа да ардагерлер  ұйымдардың да басты міндеті — аға ұрпақтың өмір сүру жағдайын жақсартуға көмектесу, дер кезінде медициналық және басқа да көмек көрсету. Өз кезегінде, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, оларға әскери және еңбек дәстүрлерін үйретуге, ұлттық әдет-ғұрыптарды сақтауға үйретуге  ардагерлер күш салуы тиіс. 

Өңірде 127 мыңнан астам зейнеткер тұрады, олардың көпшілігі ардагерлер ұйымының мүшелері. Облыста 10 облыстық, екі қалалық, 894 бастауыш ұйым жұмыс істейді, олар облыстық ардагерлер кеңесімен байланыста мақсатты жұмыс жүргізуде.

  Ардагерлер кеңесінің бөлімшелерінде жеке және басқа да мәселелер бойынша тұрақты қабылдау жүргізіледі. Мәселен, тек облыстық кеңесте 422 қарттың сұрақтары мен тілектері қаралды, қажетті қолдау көрсетілді.

  Оңласын Есіркепов басқаратын билер кеңесі белсенді жұмыс жасауда. Билер кеңесі тәжірибелі заңгерлермен, сот жүйесінің, құқық қорғау органдарының өкілдерімен қарым-қатынас жасайды. Отбасылық мәселелерді шешуге әкелер мен аналардың кеңестері де жақсы нәтиже беруде.          

      Конференцияға сонымен қатар ардагерлер кеңесінің төрағалары — Меркі ауданы Қамбарбек Иманалиев, Тараз қаласы — Күләш Әбдікешева, билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, Сарысу ауданының еңбек ардагері Байтуған Рыспанов қатысты.

  Конференцияда облыстық ардагерлер кеңесінің, тексеру комиссиясының, ардагерлер кеңесінің президиумының мүшелері, ардагерлер одағының VIII-ші республикалық съезіне делегаттар сайланды.

Еркінбек Солтыбаев облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, төрағаның орынбасары Шәріп Дәулетбаев, жауапты хатшысы Сайлаухан Ашанов болып сайланды.

 

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.