• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«TALDAU» орталығы: Әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық пікірдің өлшемі

Жамбыл облысында қоғамдық пікірді зерделеп, әлеуметтік мәселелерге терең ғылыми-талдамалық негізде көзқарас қалыптастырып жүрген белсенді ұйымдардың бірі – «TALDAU» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігі.

turan_admin turan_admin
04.07.2025, 10:49
Азаматтық қоғам институттары
«TALDAU» орталығы: Әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық пікірдің өлшемі
41
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Орталықтың басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік, саяси және діни процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ету. Сондай-ақ халықтың шынайы пікірін негізге ала отырып, мемлекеттік және қоғамдық институттардың тиімді әрі дер уақытында шешім қабылдауына қолдау көрсету.

«TALDAU» орталығының жұмыс бағыты — тек статистикалық деректер жинақтаумен шектелмей, зерттеулер нәтижесінде нақты ұсынымдар жасап, оларды қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайту тетігіне айналдыру. Осы мақсатта орталық өңірдегі бірнеше маңызды бағыттар бойынша терең зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Атап айтқанда, Жамбыл облысы аумағында қоғамдық-саяси ахуалдың деңгейін анықтауға бағытталған социологиялық зерттеулер жүргізіліп, тұрғындардың мемлекеттік саясатқа, жергілікті билік жұмысына деген сенімі мен үміті зерттелді. Бұл зерттеулер аймақтағы тұрақтылық пен әлеуметтік шиеленістің алдын алу шараларына ғылыми негізде қолдау бола алды.

Сонымен қатар, орталық қоғамдағы әйелдердің рөліне қатысты әлеуметтік зерттеу ұйымдастырып, олардың отбасындағы, еңбек нарығындағы, қоғамдық өмірдегі орнын айқындайтын мәліметтерді жинақтады. Бұл зерттеу гендерлік теңдік пен отбасы институтын дамыту бағытындағы нақты ұсыныстарға арқау болды.

Діни ахуалды талдау да ұйым жұмысының маңызды бір бағытына айналды. Өңірдегі діни көзқарастардың таралуы, радикалды идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыру жолдары және конфессияаралық татулықты сақтау мәселелері терең зерделеніп, профилактикалық шараларды жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Орталық сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі орнына арналған сауалнамалар мен сараптамалар жүргізіп, отбасындағы құндылықтарды нығайтуға бағытталған деректер базасын қалыптастырды. Жасөспірімдерге қатысты өзекті әлеуметтік мәселелер – буллинг, лудомания (ойынқұмарлық) және суицидтің алдын алу бойынша кешенді зерттеулер жүргізіліп, мектептер мен жастар ұйымдары үшін әдістемелік ұсыныстар дайындалды.

«TALDAU» орталығының бастамалары – қоғамның нақты сұраныстарына жауап беретін, ғылыми дәлелдер мен деректерге сүйенетін, шешім қабылдаушылар үшін бағалы құралға айналған зерттеулер жүйесі. Ұйым алдағы уақытта да өңірлік саясат пен әлеуметтік тұрақтылыққа қызмет ететін жаңа бағыттарда зерттеу жүргізуді жалғастырып, Жамбыл өңірінің қоғамдық дамуына үлес қоса бермек.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.