• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТӘУЕКЕЛ ЕТПЕСЕҢ, ТӘУЕЛДІСІҢ

“Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі” КММ нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен 26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Шу қаласындағы оқушылар сарайында «Нашақорлық адамзат жауы» атты конференция өтті.

turan_admin turan_admin
09.07.2024, 17:32
Облыс жаңалықтары
ТӘУЕКЕЛ ЕТПЕСЕҢ, ТӘУЕЛДІСІҢ
80
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Іс-шараға “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы,  «Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» аса маңызды істер жөнінде аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Белгибаев Канат Шынгысбекулы, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Бәйтерек Жұмаділда және аудан тұрғындары қатысты.
        Конференцияның негізгі мақсаты — қоғамды біріктіріп, есірткіге қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру. Олардың барлығы салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың есірткі зияны жөнінде хабардарлығын арттыруға және балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтауда алдын алу жұмысының маңыздылығын түсінуге бағытталған. Cондай-ақ ауданымыздың жасөспірімдері есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болатыны туралы ақпараттандыру. Оқу орындарымен күш біріктірудің арқасында өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз етуге қолайлы орта жасау. Жиын барысында жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату, психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту сынды дүниелер қамтылды.

           Сондай-ақ спикерлер тарапынан да тағылымды ақпараттар берілді. Мәселен,  «Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» аса маңызды істер жөнінде аға жедел уәкілі полиция подполковнигі — Қанат Шынғысбекұлы облысымызда нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы бағытталған шараларды жік-жігімен атап өтті. Атап айтқанда 2024  жылдың алғашқы күнінен бүгінгі күніне дейін Жамбыл облысы полиция департаменті тарапынан 213 наркоқұқықтық заң бұзылушықтары анықталғаны және оның жарты бөлігі есірткі жинау фаткісі болып табылатынын ескертті. Аудан тұрғындарын осы мәселеге бей-жай қарамай ата-аналар тарапынан жасөспірімдердің жіберетін ағыттықтары заңмен қатал жазаланатынын ескертіп, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Бәйтерек Жұмаділда аудан тұрғындарына нашақорлық қоғамның тағы бір қиын дерті екенін атап өтіп, жастардың  нашақорлыққа жоласа одан арылу оңай емес екендігін түсіндірді. Сонымен қатар жастарымыз осындай зиянды әрекеттерге барса ұлттық құндылықтарымызды ұмытып, ұлтқа қызмет тұрмақ қоғамға кері әсер ететін үлкен проблема әкелетінін жеткізді. Шараның модераторы “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті — Әбдиев Еркін Қайырбекұлы өз кезегінде нашақорлық қазіргі таңда қалай қоғамға жайлып жатқандығы туралы түсіндірді. Әсіресе, үлкен қалаларға арман қуып оқуға кеткен көпшілік ата-аналарға ХХІ ғасырда телефонның көмегімен түрлі сайттар арқылы нашақорлықтың жасырын сатылатыны туралы үн қатты. Бүгінде жастардың заманына қарай еліктегіш әрі оңайға ұмтылатын еске ала отырып, оңай ақша табу үшін қаншама жастар есірткі бизнесін тасымалдаумен айналасатынын хабарлап, ата-аналар тарапынан бір мезгіл болсада жасөспірімдер мен жастардың смартфонын тексеруін ұсынды.

            Шара соңында аудан тұрғындары спикрелерге бірнеше көкейкесті сауалдарын қойып, спикерлер тарапынан жауаптарын алып естелікке суретке түсті. 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.