• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Су тасқыны. Бектенов Құлсарыдағы үйлерді қалпына келтіру барысын тексерді

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Құлсары қаласындағы тұрғын үйді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
02.08.2024, 18:09
Қазақстан жаңалықтары
Су тасқыны. Бектенов Құлсарыдағы үйлерді қалпына келтіру барысын тексерді
80
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Премьер-Министр Олжас Бектенов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Жылыой ауданының Құлсары қаласында су тасқыны салдарын жою барысы және қалпына келтіру жұмыстарының қарқыны туралы баяндаманы тыңдады.

Атырау облысы бойынша барлығы 1,3 млрд теңгеге 3652 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек алды. 

Өңірде су тасқынынан барлығы 2650 үй зардап шекті. 1 457 үй апатты деп танылды, 1 193 үй  – күрделі жөндеуге жатқызылды. 

 Үкімет басшысына Құлсары қаласының «Болашақ» жаңа шағын ауданында 100 тұрғын үй салу барысы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда жұмыс 72%-ға аяқталды: салынып жатқан 96 нысанның іргетасы қаланды, 78 үйдің қабырғасы тұрғызылды, 34-інде төбесін жабу жұмыстары басталды. Үйлерді осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Шағын аудандағы тұрғын үйлерден бөлек, 2 мың орынды Binom мектебі мен 300 орынды балабақша салынады. Сондай-ақ жаңа үйлердің болашақ тұрғындарының демалуына арналған орындар жабдықталады.

Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй құрылысының мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету үшін Құлсары қаласы нысандарындағы мердігер ұйымдар саны 2,5 есеге ұлғайтылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасын бақылау мақсатында учаскелерде Gov.kz сайтында көрсетілетін бейнебақылау камералары орнатылған.

«Су тасқыны салдарын жою және барлық зардап шеккендердің баспана мәселесін шешу Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Жұмысты тездетіп, мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқтау керек. Құрылыстың барлық кезеңін бақылай отырып, әр мердігермен жобалық негізде жұмыс істеу қажет. Бұл тұрғын үйдің тиісті сапасын қамтамасыз ету үшін маңызды», — деп Олжас Бектенов, әкімдікке құрылыс барысында инженерлік коммуникациялар жүргізу мәселесін де шешуді ескертті.

 Сонымен қатар Құлсарыда су тасқыны кезінде бүлінген автожолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда жоспарланған 12,1 шақырымның 4,9 шақырымы жөнделді. Сондай-ақ су тасқыны кезінде зардап шеккен 215 бизнес субъектісіне өтемақы төленді. 1614 шаруа қожалығына мал мен үй құстарына келтірілген шығын өтелді.

 Өз кезегінде, Үкімет басшысына оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева су тасқынынан зардап шеккен елді мекендер балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы баяндады. Бүгінгі таңда қайырымдылық ұйымдарымен бірлесе отырып, 2 738 оқушы жазғы демалыспен қамтылған. «Туған елге саяхат» жобасы аясында балалар оқу-сауықтыру орталықтары мен лагерьлерге жіберіледі, сондай-ақ еліміздің мәдени-тарихи орындарына саяхаттайды.

Премьер-Министр мүдделі министрліктер мен өңір әкімдігіне денсаулық сақтау және білім беру әлеуметтік нысандары – мектептер, колледждер, балабақшалар және басқа да нысандар салу және қалпына келтіру жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: атырау облысыБаспана мәселесізардап шеккендерҚР ҮкіметіҚұлсарыОлжас Бектеновсу тасқыны
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.