• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:56
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҰСТАЗДЫҚТАР МИНИСТРДІҢ ЕСЕП БЕРУІНДЕ АЙТЫЛҒАН ТЫҢ БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫҒА САЛДЫ

turan_admin turan_admin
05.06.2020, 11:40
Жаңалықтар
ҰСТАЗДЫҚТАР МИНИСТРДІҢ ЕСЕП БЕРУІНДЕ АЙТЫЛҒАН ТЫҢ БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫҒА САЛДЫ
189
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында
есеп берді. Кездесу онлайн форматта министрліктің Facebook парақшасының
тікелей эфирінде ұйымдастырылды.
Білім беру саласындағы соңғы өзгерістер мен жетістіктер һәм
проблемаларды қамтыған кездесуді Тараз мемлекеттік педагогикалық
университетінің ұжымы да қалт жібермей тамашалады.
Сөз басында өткен жылдың басты жетістігі ретінде «Педагог туралы»
заңның қабылдануы екендігін атап өткен Асхат Қанатұлы аталмыш салада
белең алған түрлі тақырыптарда сөз қозғады. Оның ішінде, мемлекет
басшысының Ұлттық қоғамдық кеңестің үшінші отырысында шығарған
шешімдері, оқулық мәселесі, қашықтан оқытудың тиімді, тиімсіз тұстары,
ауылдағы мектептердің хал-ахуалы, жаңартылған білім беру мазмұнына
көшу қадамдары мен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібіне енгізілген
өзгерістер айтылып, Білім және ғылым министрі соңғы жаңалықтармен
қатар өз пікірін де ортаға салды.
Білім беру саласының сапалық көрсеткіштері мұғалімдер қауымына
тікелей байланысты болғандықтан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат
Аймағамбетовтің есеп беру кездесуінде айтылған әр мәселе Тараз
мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы үшін таңсық емес. Дәл
осыны жақсы түсінген USTAZ университетінің ұжымы министрдің тікелей
эфирінен кейін аталған мәселелерді қызу талқылады. Университет ректоры
Ержан Әмірбекұлы өзі басқарып отырған педагогикалық оқу орнының
жүйелі қадамдарына тоқталып, алдағы жоспарларды тыңғылықты жүзеге
асыру үшін оқытушылар құрамына өз істеріне деген құлшыныстарын екі
есе күшейтуді тапсырды.
— Асхат Қанатұлы атап өткен мұғалімнің құқықтық мәдениеті қазіргі
таңда әлі де өзектілігін жойған жоқ. Болашақ педагогтерді даярлайтын
ЖОО ретінде бұл мәселеге бей-жай қарамауымыз керек. Сондықтан
құқықтық мәдениет пен академиялық тазалықты студенттеріміздің
бойына сіңіру үшін аянбай еңбек етуіміз – еліміздің болашағы үшін аса
маңызды, — деді Ержан Әмірбекұлы.
Өз университеттерінің дамуына қосқан үлесі ел өркендеуіне қосар
өлшеусіз еңбек болатындығын алдыға тартқан оқытушылар құрамы да
өздерінің мазмұнды пікірлерін ортаға салып, түйткілді мәселелердің шешуші
жолдарына тоқталды. Болашақ педагогтердің сапалы санатын жасақтауды
мұрат еткен USTAZ университетінің ұжымы осылайша стратегиялық
жоспарлары мен қадамдарын тағы бір мәрте айқындады.

ТарМПУ АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41
Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

05.08.2026, 16:32

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.