Тараз қаласы №2 сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Е.Дүйсенбаев, судьялар Ф.Утешова, С.Дмитриева, Б.Төребекұлы, А.Қорабаева, соттың кеңсе меңгерушісі Ж.Құтымбетова, бас маман-мұрағатшы Г.Ахалиева қатысты.
Іс-шара барысында Г.Ахалиева статистикалық деректерге сәйкес орындауға жолданып, алайда орындалмай тұрған атқару құжаттары бойынша мәліметтерді келтіре отырып, атқару парақтарын электронды нұсқада жолдаған кезде туындайтын, олардың орындалмауына және негізсіз қайтарылуына қатысты өзекті мәселелерді баяндады.
Сондай-ақ, Ж.Құтымбетова сот актілерінің орындалуы жайлы сұрақтар сот органдарының үнемі бақылауында, сотпен сот актілерін орындау туралы ескертулер уәкілетті органдарға тұрақты түрде жіберіліп отыратындығын айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде мәжбүрлеп орындау шаралары күшейтілуі тиіс деген пікірге келді. Сот актісін орындаудан жалтарған жағдайда, жаза сот орындаушыларының ұсынымы негізінде, жазаның неғұрлым қатаң түріне ауыстырлуы тиіс екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел соңында сот актілерін толық және уақтылы орындау қажеттілігі туралы айтылды, бар мәселелер тұрғысынан оларды орындау үшін бірлескен ұсыныстар әзірленді. Сондай-ақ, қатысушылар жазаны орындауды жақсартуға алып келетін шаралар жөнінде өзара пікір алмасты.
Сол сияқты, Мойынқұм аудандық сотында да «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге сот төрағасы міндетін атқарушы Б.Далибаев, кеңсе меңгерушісі Г.Рахимова, аудандық прокуратураның прокуроры Н.Десебаев, Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Т.Абдраманов және жеке сот орындаушылары С.Рысалдиев, Д.Асанбеков қатысты.
Жуалы аудандық сотында азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалуы мәселесі талқыланды.
Іс шараға соттың төрағасы Б.Абуев, судья Б.Мүлкібаев, прокурор А.Исатаева, жеке сот орындаушылар Н.Жуматаев, А.Заурбеков, М.Едельбаев және сот кеңсесінің меңгерушісі С.Ералиев қатысты.
Семинар барысында қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істер бойынша орындалмаған және орындаусыз кері қайтарылған сот актілерінің орындалуы мәселесі, орындау барысының созылуы, сот орындаушылар тарапынан атқару құжаттарының орындалуы бойынша мүмкіндігінше жұмысты күшейту туралы сұрақтар қозғалды.
Б.Абуев бүгінгі күнге дейінгі орындалмаған сот актілеріне қатысты статистикалық мәліметтерді келтіріп, олар бойынша жеке сот орындаушылар тарапынан күшейтілген жұмыс қажеттігін атап өтті.
Сот аткілерінің орындалуын одан әрі бақылауда ұстау мақсатында, соттың төрағасы сот орындаушыларға сотпен үнемі салыстыру актісін жүргізіп, қандай кезеңде тұрғанын білу мақсатында борышкерлердің ішінара төленген сомалары бойынша ақпаратты уақытында беріп тұруды ұсынды.
Соңында қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, бірлескен жұмыс бойынша ортақ мақсаттар мен міндеттер әзірленді.
Талас аудандық сотында төраға м.а. Л.Дүкенбаева әкімшілік полиция басшысы Қ.Тәттібай мен сот орындаушылардың қатысуларымен сот актілерінің орындау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Л.Дүкенбаева өз сөзінде, заңды күшіне енген сот актілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жататынын айтты. Сондай-ақ өткен жылдардағы сот актілерін орындау бойынша нақты шаралар қабылдау қажет екенін айтты және сот орындаушылардан сот актілерінің айыппұл, мемлекеттік баж, сот шығындарын өндіру бөлігі бойынша қабылданған шаралар туралы сұрады.
Кездесу барысында жеке сот орындаушы А.Кулчебеков өткен жылдардың сот актілерін орындау бойынша жұмыс заңнама талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқандығын айтты. Сонымен қатар Сот актілерін орындау кезінде туындайтын мәселелермен бөлісті.
Қорытындысында қатысушылар сот актілерін орындау мәселелсін шешу мақсатында борышкерлермен түсіндіру жұмыстарын ауыл әкімдері мен учаскелік инспекторлардың көмегімен жүргізу қажеттігін, сондай-ақ жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмысқа орналастыру ұсынылды.
Дереккөз: Жамбыл облыстық соты