• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
19.11.2026, 04:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға ден қоюдың тиімді жүйесін құру қажет – Әлихан Смайылов

turan_admin turan_admin
15.11.2022, 12:06
Қазақстан жаңалықтары
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға ден қоюдың тиімді жүйесін құру қажет – Әлихан Смайылов
83
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің хабарлауынша, Қазақстанда жыл басынан бері 9 647 өрт тіркелді, онда 249 адам қаза тапты, 212 – әртүрлі дәрежедегі күйіктер мен уланулар алды. Қаза тапқандардың жалпы санының 107-сі (43%-ы) мас күйінде болған. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттердің 2,2%-ға, қаза тапқандар саны 18,6%-ға, жарақаттанғандар саны 40,8%-ға шамалы төмендеуі байқалды.

Адамдардың жарақаттануы мен қаза болу фактілерін болдырмау, сондай-ақ өрттен болған нұқсанды барынша азайту мақсатында ТЖМ биіктігі 10 қабатқа дейінгі тұрғын үйлерді өрт сигнализациясы қондырғыларымен жабдықтау, сондай-ақ барлық газдандырылған үй-жайлардың газдануын талдауыштармен жарақтандыру жөніндегі талаптардың міндеттілігі бөлігінде тиісті өзгерістер енгізілді. Бүгінгі таңда өрттің алдын алу және жою, көппәтерлі тұрғын үйлерден, әлеуметтік, мәдени-ойын-сауық, спорт және білім беру объектілерінен қауіпті техникалық құрылғылар мен кіріктірілген қазандықтарды шығару жұмыстарына қазіргі заманғы технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жылу, энергиямен қамтамасыз ету объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ТЖМ-ның ерекше бақылауында тұр. Биылғы шілде-тамыз айлары аралығында қауіптің жоғары дәрежесіне жатқызылған 845 объектінің өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүргізілді. 611 объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарын 3 379 бұзушылық анықталды, 196 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ өңірлердегі ахуал жайлы Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов баяндама жасады.

Премьер-Министр жалпы республика бойынша өрт оқиғалары мен одан зардап шеккендер пайызы төмендегенін атап өтті. Дегенмен, Абай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарында және елордада өрт оқиғаларының саны өскен.

Оның айтуынша, көп жағдайда өртке қарапайым қауіпсіздік талаптарының бұзылуы себеп болады.

«Осыған орай, қауіпсіздік талаптарын сақтауға, өрттің алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдау қажет. Инспекциялардың өкілеттіктерін күшейту бойынша жұмыс жүргізу керек. Адамдар анықталған бұзушылықтарды жоюға және болашақта олардың алдын алуға өздері мүдделі болуы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол автономды қазандықтарды тұрғын үйлерден қауіпсіз қашықтыққа шығару мәселесі осыған дейін бірнеше рет көтерілгенін атап өтті.

«Өңір әкімдері тиісті шаралар қабылдауы керек», — деді Премьер-Министр.

Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов жылу беру кезеңінде өрттің алдын алу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын нақты үйлестіруді қамтамасыз етуді, әлеуметтік объектілердің жұмысын ерекше бақылауға алуды, сұйытылған газды сату кезінде талаптарды қатаңдату жөнінде шаралар қабылдауды, сондай-ақ халықпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55
Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

16.11.2026, 11:54
Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

16.11.2026, 11:44
Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қанат Көшербаевтың жөндеу сапасына қояр сауалдары

19.11.2026, 04:43

Бекболат Уткелбаевтың ауыл саудасына көзқарасы

19.11.2026, 04:34

Отбасы көмек сұрағанда неден бастарын білуі керек

19.11.2026, 04:21

Мыңаралда жол қауіпсіздігін мал өтетін тұстан қарауды ұсынамын

19.11.2026, 04:06

Шығанақ пен Ақсүйекте баланың мектепке баратын жолынан бастаймын

19.11.2026, 04:05

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.