• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Құрбан айт жақындады: Елімізде мал бағасы қанша

turan_admin turan_admin
16.07.2021, 17:28
Қазақстан жаңалықтары
Құрбан айт жақындады: Елімізде мал бағасы қанша
167
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 20 шілдеге түсіп тұр. Осы орайда мал бағасының қаншадан болып жатқанын Sputnik Қазақстан анықтап көрді.

Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара немесе түйе шалуға болады. Жылқы шалынбайды. «Қой мен ешкі бір адамның атынан бауыздалады. Мысалы, бір отбасын бір адам асыраса, сол кісі шалады. Ал егер бір отбасыда бірнеше адамның жеке бизнесі болып, әрқайсысы нисаб мөлшеріне жетсе, олар бөлек-бөлек шалады. Осы жағын ажырата білу керек», — деді»Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев. Оның сөзінше, көзі көрмейтін, бір көзі жоқ, ақсақ, тым арық, өздігінен мал соятын жерге бара алмайтын, құлағы кесілген, желіні кепкен, құйрығы немесе құлағының үштен бір бөлігінің көбі кесілген малды құрбандыққа шалу дұрыс емес.

Бірақ мүйізі жоқ, құлағы жарылған, тесілген малды құрбандыққа шалуға болады. «Мүйізінің жоқтығы немесе ен салынғаны кедергі емес. Сонымен қатар піштірілген мал да  құрбандыққа жарайды», — деді наиб имам. Шариғат бойынша құрбандыққа шалынатын қой мен ешкі бір жасқа жетуі керек. Егер алты айлық болса, бір жасқа толған қой сияқты семіз, етті болуы шарт. Ал сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы қажет. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шанхай» мал базарында құрбандыққа жарамды қойдың бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ең қымбаты – 70 мың теңге. «Негізі, біздің мал базарда 40-45 мың теңгенің қойлары да бар. Алайда олардың жасы алты айға толмаған, яғни құрбандыққа жарамайды. Алты-жеті айлық қойлар 50 мыңнан сатылып жатыр. Бір жастан асқандары 65-70 мың теңге төңірегінде саудалануда», — деді «Шанхай» мал базарының ұйымдастырушысы Балымбек.

Оның сөзінше, ірі қараға да тапсырыс жоқ емес. Сиыр бағасы – 300 мыңнан 400 мың теңгеге дейін. Ешкі малы саудада жоқ. Бақытжан Өткелбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт қарсаңында шаруа қожалықтарын аралап, мал бағасын келіскенін жеткізді. «Биыл ұсақ малдың бағасы 70 мың теңге, ал ірі 420 мың теңге деп белгіледік. Мал бағасы алдын ала зерттеліп, ірі шаруа қожалықтарымен келісімшартқа отыру арқылы осы бағалар бекітілді. Әйтпесе мал қазір тым қымбаттап кетті. Осы уақытта 70 мыңға бір жасар қойды таба алмайсыз. Сол үшін бұл да халық үшін жасалып отырған жақсылық», — деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы.

Автор: Сәке Қанатұлы Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/1922767-qurban-ait-zaqyndady-elimizde-mal-bagasy-qansa/

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.