Денсаулық сақтау министрлігінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (СЭБК) және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (МФБК) аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинардың барысында Министрлік ведомстволарының әдеп жөніндегі уәкілеттілерінің жұмыстың негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимыл мәселелері, 2022 жылдың 9 айындағы СЭБК және оның бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін ішкі талдау қорытындылары, МФБК және оның аумақтық департаменттеріндегі тәртіптік практиканы талдау қорытындылары талқыланды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі З. С. Байғаскина өз сөзінде Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілдерінің назарын Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің арасындағы Әдеп кодексін түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігіне аударды. Сонымен қатар, ол Әдеп жөніндегі уәкілдер институтының Министрліктің және оның ведомстволарының құрылымдық бөлімшелерінің ұжымдарында қолайлы моралдық–психологиялық және іскерлік микроклиматты қалыптастырудағы, сондай-ақ мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастырудағы рөлі мен ықпалын атап өтті.
Презентация барысында Министрлікте және оның ведомстволарында ағымдағы жылдың 9 айындағы тәртіптік практиканы талдау қорытындылары жарияланды, Қызметтік әдеп нормаларын бұзудың 9 фактісі (2021 жылдың ұқсас кезеңінде – 4) атап өтілді.
2022 жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін СЭБК аумақтық бөлімшелерінің 17 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды: шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде жеке немесе заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз артықшылық беру (Бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4-тармақшасы).
МФБК Әдеп жөніндегі уәкілі Г. И. Ғаббасова семинар-кеңеске қатысушыларды 2022 жылдың 9 айындағы тәртіптік практиканы талдау нәтижелерімен таныстырды.
МФБК және оның ведомстволары мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарының 2021 жылмен салыстырғанда (68), 2022 жылдың 9 айында – 34 төмендегенін атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың өтініштерін қарау кезінде бұзушылықтардың көпшілігіне жол берілетінін, атап айтқанда ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде тыңдау рәсімін қарау және өткізу мерзімдерін бұзғанын атап өтті.
Спикер қызметкерлердің медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыруы кезінде тіркеу тәртібін, тексеру жүргізу және қорытындылау мерзімдерін бұзу фактілері бар екенін атап өтті.
Осыған ұқсас бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аумақтық департаменттердің лауазымды адамдарын көрсете отырып, салалық заңнаманың, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің бұзылған нормаларына және тәртіптік сипаттағы қабылданған шараларға сілтеме жасай отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету, медициналық қызметті лицензиялау кезіндегі заңсыз мінез-құлықтың нақты мысалдарын келтірді.
Ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің дербес лауазымды адамдарын, теріс қылықтар жасалған мән-жайларды және тәртіптік жауапкершілік шараларын көрсете отырып, келтірілген мысалдар (лауазымын төмендету, қызметке толық сәйкесгі туралы ескерту, теріс себептер бойынша жұмыстан босату) Министрліктің ведомстволарының құрылымдық бөлімшелерінің ұжымдарында Әдеп жөніндегі уәкілдердің түсіндіру жұмыстарын күшейту және құқық бұзушылықтардың өсуіне жол бермеу қажеттігінің негізді дәлелі болды.






