• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 23:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанның білім беру жүйесі QS-2026 рейтингінде ТОП-50-ге енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдамалық агенттігі жоғары білім саласы бойынша QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингінің 16-шығарылымын жариялады.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
26.03.2026, 15:16
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның білім беру жүйесі QS-2026 рейтингінде ТОП-50-ге енді
88
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«2026 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары өз позицияларын нығайтып, өңірлік деңгейде тарихи нәтижеге қол жеткізді және жаһандық рейтингтердегі қатысу ауқымын кеңейтті, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

QS пәндік рейтингтері 100 ел мен аумақтағы 1900 университет ұсынатын 21 000-нан астам білім беру бағдарламасына жүргізілген тәуелсіз салыстырмалы талдауға негізделген. Рейтинг 55 пәнді және бес кең пәндік бағытты қамтиды: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Инженерия және технологиялар», «Өмір туралы ғылымдар және медицина», «Жаратылыстану ғылымдары», сондай-ақ «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент».

Қазақстандық жоғары оқу орындарының негізгі нәтижелері:

✔ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Орталық Азия жоғары оқу орындары арасындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, «Білім беру және оқыту» бағыты бойынша әлемде 41-орынды иеленіп, жаһандық рейтингтің топ-50 қатарына енді.

✔ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы алғаш рет «Орындаушылық өнер» бағыты бойынша топ-100 қатарына кірді.

✔ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) төрт салалық, 23 пәндік рейтингте ұсынылып, пәндік рейтингтердегі көрсеткіштер саны бойынша елдегі оқу орындарының көш басына орналасты. Одан кейін бір салалық және 15 пәндік рейтингте қатысқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) орын алды. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіөздерінің бейінді бағыттары бойынша жоғары нәтижелер көрсетеді.

✔ Satbayev University 2026 жылғы пәндік рейтингтердегі жаңа позициялар саны бойынша елде екінші орынды иеленді.

✔ 2026 жылы Қазақстан ЖОО-лары «Білім беру және оқыту» және «Лингвистика»бағыттары бойынша өз позицияларын нығайтты.

✔ Қазақстандық университеттер «Бухгалтерлік есеп және қаржы», «Биологиялық ғылымдар», «Қоршаған орта туралы ғылымдар» және «Материалтану» бағыттары бойынша пәндік рейтингтерде алғаш рет қатысты.

QS ұйымының аға вице-президенті Бен Саутер:

«QS World University Rankings by Subject 2026 нәтижелері Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі артып келе жатқанын көрсетеді. Жаңа пәндер бойынша 14 білім беру бағдарламасының алғаш рет рейтингке енуі халықаралық мойындаудың күшейгенін және Қазақстанның өңірлік білім беру орталығы ретіндегі беделінің артқанын дәлелдейді. Сонымен қатар қазақстандық университеттер «Білім беру және оқыту» және «Лингвистика» бағыттары бойынша көрсеткіштерін жақсартуды жалғастыруда, сондай-ақ «Орындаушылық өнер» бағыты бойынша алғаш рет топ-100 қатарына енді», – деп атап өтті.

QS ұйымының өңірлік директоры Сергей Христолюбов:

«Қазақстан Орталық Азияда пәндік рейтингтердің топ-100 қатарына енген жалғыз ел болып отыр. Өңірдегі жоғары білім беру тарихындағы ең жоғары нәтиже – «Білім беру және оқыту» бағыты бойынша топ-50 қатарына ену – тек Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үшін ғана емес, бүкіл ұлттық жоғары білім беру жүйесі үшін маңызды жетістік. Қазақстанның пәндік рейтингтердегі қатысуы 13 университетке дейін өсіп, олар 4 кең пәндік бағыт пен 27 пән бойынша 70 позицияға ие болды. Бұл – ел үшін рекордтық көрсеткіш», – деп атап өтті.

Қол жеткізілген нәтижелер Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің тұрақты дамып келе жатқанын және оның әлемдік академиялық ортаға жақындап жатқанын көрсетеді.

Пәндік рейтингтерге қатысудың артуы мен негізгі бағыттардағы позициялардың нығаюы білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулер сапасын одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Тегтер: білім жүйесіғылым және жоғары білім министрлігірейтинг
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

09.11.2026, 13:03
ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

08.11.2026, 12:36
Қорғаныс министрлігінің 104 нысаны тексерілді

Қорғаныс министрлігінің 104 нысаны тексерілді

06.11.2026, 11:13
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауыл инфрақұрылымы, кәсіпкерлік және цифрлық даму: «Әділет» кандидаттары Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті

11.11.2026, 19:44

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.