• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 21:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады

turan_admin turan_admin
10.09.2021, 16:44
Қазақстан жаңалықтары
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады
112
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен келген Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан оның бұл сапарының маңызы зор екенін атап өтті.

– Біздің елдеріміз өзара іс-қимылдарды, атап айтқанда сауда, инвестиция салаларындағы қатынастарды және гуманитарлық байланыстарды нығайту үшін зор мүмкіндіктерге ие. Сондықтан мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бар әлеуетті пайдалану керек. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында да тығыз ықпалдастық орнатамыз деген үміттеміз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тетово қаласындағы коронавируспен ауырған науқастар емделетін ауруханада болған өрт салдарынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына көңіл айтты.

Кездесуде Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалға ерекше назар аударды.

– Ауғанстанға қатысты ұстанымымыз айқын. Халықаралық қоғамдастықтың осындай бетбұрыстар кезінде Ауғанстаннан іргесін аулақ салмай, аталған елге көмек беріп, қолдау көрсетуі қажет деп есептейміз. Біз Ауғанстанның уақытша жаңа үкіметін инклюзивті, барлық этникалық топтар мен қоғамдық-саяси күштердің мүддесін құрметтейді деп үміттенеміз. Қазіргі Ауғанстан үкіметі адам құқықтарын, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындап, халықаралық қауымдастықты жаһандық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін терроризмнің, заңсыз есірткі айналымының таралуынан және басқа да қиындықтардан қорғау үшін нақты шаралар қабылдайтынына үміт артамыз. Сонымен қатар Қазақстан үкіметі Ауғанстан үкіметімен конструктивті іскерлік байланыстарды, әсіресе сауда және гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы қатынастарды орнатуға дайын. Өйткені бұл салалар бойынша екі ел арасында дәстүрлі тығыз байланыс бар, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда тұратын қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екеніне тоқталды. Ол Буяр Османиге Қазақстан азаматтары мен этникалық қазақтарды өз отанына қайтару жөнінде, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың халықаралық ұйымдар қызметкерлерін, оның ішінде БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек беру жөніндегі миссиясын эвакуациялау жұмыстарына көмектесу жөнінде қабылдаған шаралары туралы айтты.

Өз кезегінде Буяр Османи кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, екі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жасаған сапарының символдық мәні бар екенін атап өтті.

– Менің Қазақстанға сапарым біздің мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды жаңа белеске шығарады деген сенімдемін. Біз екіжақты байланыстарды тереңдетуге және нығайтуға мүдделіміз, – деді македониялық дипломат.

Кездесуде Ауғанстан бағыты бойынша халықаралық әдістерді жұмылдыруда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің басымдыққа ие екені атап өтілді.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39
12 жылға сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот шешімінің күші жойылды

12 жылға сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот шешімінің күші жойылды

23.11.2026, 17:15
Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әділет» партиясының кандидаттары «Жамбыл Су» ұжымымен су шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

25.11.2026, 19:05

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.