Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл облысының өрт сөндірушілері көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық көмек пен материалдық тұрғыдан қолдау көрсетуді одан әрі жалғастыруда. Өрт сөндіруші-құтқарушылар өмір сынағына түсіпкен мұқтаж адамдарға тұрақты түрде көмектесуде.
Мысалы, 13-14 желтоқсанда Талас ауданының №12 Өрт сөндіру бөлімі, Қордай ауданының №9 Өрт сөндіру бөлімі, Байзақ ауданының №8 Өрт сөндіру бөлімінің, Жуалы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімінің, Көлтоған ауылы №14 Өрт сөндіру бекетінің, Мойынқұм ауданы №18 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жоғарыда аталған аудандардың Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарымен бірлесіп, бірқатар аз қамтылған отбасылардың үйлеріне бас сұғып, бірінші қезектегі қажетті азық-түліктерті табыстады.
Әрине, қайырымдылық — бұл қиын жағдайға тап болған жандарға көрсетілген қамқорлық пен қолдаудың айқын көрінісі. Адамды өзгелерден ерекшелейтін адамгершілік құндылықтардың ең жоғарғы көрінісі десек қателеспейміз. Ал өрт сөндірушілер өз кезегінде мұндай көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жөніндегі осындай акциялар алдағы уақытта да жалғасатындығын жеткізді. Ал мұндай іс-шаралардың облысымыздың әрбір ауданында өтіп жатқандығы көңілге қуаныш ұялатады.