• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Орта және шағын кәсіпкерлікке жастар ұйымдары белсене араласу қажет

turan_admin turan_admin
15.02.2018, 21:38
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
Орта және шағын кәсіпкерлікке жастар ұйымдары белсене араласу қажет
216
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімі Рүстем Дәулет тұрғындар алдында 2017 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. Есепке Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен тұрғындар қатысты.
— «Тағы бір айта кететін мәселе қоғамдық көліктердің мәселесі. Қолдағы мәліметтерге сәйкес, қалада 48 маршрут болатын болса, 468 жаңа автобус бар екен. Сол 468 қоғамдық көліктің 15-20 пайызының тозығы жеткен. Ал шын мәнінде, олай емес. Өйткені, қай маршрутты алып қарасаңызда артынан будақтатын түтінін шығарып бара жатқанын байқайсыз. Осыған дейін өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында аталған мәселе көтерілген болатын. Ол кездесуде қаланың экологиясы айтылып, талапқа сай еместігі қаралған еді. Қала әкімі өз хабарламасында облыс орталығындағы саябақтар туралы айтып өтті. Бүгінде 7 саябақ пен 30-дан астам гүлзарлар (сквер) бар екен. Оның екі саябағын жаңғыртуды қарап жатырмыз деді қала әкімі хабарламасында. Меніңше, бұл мәселе төңірегінде уақыт созбауымыз қажет. Облыстың көркін ашатын саябақтар мен гүлзарларды барынша реттеу қажет. Мен оны қаланы аралау барысында тілге тиек еткен болатынмын. Ондай жұмыстарды іске асыру үшін алға бағытталған жүйелі жұмыс керек. Бұл тұрғыда қалалық кеңестің жұмысында жандандыру шарт. Бүгінде ол кеңес апта сайын өзімнің төрағалық етуіммен өтіп жатыр. Ол жерде де біраз дүниелер айтылып үлгерді. Енді анау болады, мынау болады деп айтқым келмейді. Ертең сол жұмыстардың іске асуын өздеріңізде көре жатарсыздар. Айтайын деп отырғаным, тек қана қала әкімдігі ғана емес бүкіл облыс болып осындай жұмыстар басталып жатыр. Біз бұл жұмысты алдағы уақытта күшейтетін боламыз. Қала тұрғындарының сұрақтарына келетін болсақ, аспалы көпір мен жаяу жүргіншілер жолын айтып жатырсыздар. Бұлардың барлығы нақты сұрақтан болғандықтан қаржыға тірелетіні шындық. Сондай-ақ балабақша құрылысы да айтылуда, ол туралы қала әкімі де тоқталып өтті. Облыстағы бюджетті қараған кезде жобалық сметалық құжаттарын қарайтын болсаң барлығы дұрыс, бірақ бағалар өте қымбат. 80,100, 120 орындық мектеп, балабақша болсын құны 600-800 млн теңге. Ал денсаулық сақтау саласында нысан 60 млн теңге, қарапайым фельдшерлік-амбулаториялық орталықтар 60 млн теңге. Егер мәселе осылай кете берсе, біз мұны шеше алмаймыз. Биылғы жылға бекітілген бюджеттің ішінде 13 осындай құрылыс жоспарланған. Ал енді сол қаржыға екі есе көп аталған нысандарды салуға болады. Қазір оның да жолын қарастырудамыз. Тұрғындарға айтайын дегенім, балабақша мәселесін осындай тәртіппен қадағалап жатырмыз. Мен жаңадан тағайындалғанда қаланы екі ауданға бөлу айтылған. Рас, бұл туралы заң бар. Ол заңға сәйкес, әр ауданда кемінде 200 мың халық тұруы қажет. Бірақ бүгінде шаһарда 360 мыңдай ғана тұрғын бар. Бірақ оның да ауылы жақын. Сондықтан бұл мәселені осы бастан қарап, пысықтай беруміз керек. Жастар ұйымдарына қатысты ұсыныс беріліпті. Бұл мәселе өте орынды әрі өте күрделі. Өйткені, экономикамыз бен орта және шағын кәсіпкерлікке жастар ұйымдары белсене араласу қажет. Ал жастар саябағы туралы айтсақ, әңгіме оның атында емес, затында болып тұр. Қ.Рысқұлбеков саябағына барғанымда оның атын беріп қана қоймай мағынасына де үңілу керек. Қайрат кім болды?! Ол – елдің патриоты болды. Сондықтан аталған саябаққа жастардың атын беріп, берілген тақырыпты ашуымыз қажет. Алда істейтін жұмыс жеткілікті. Қоғам дамыған сайын, сұраныстың да көбейе беретіні белгілі. Ол да түсінікті. Кезінде ауыз су мәселесін көтерсек, енді жаяу жүргіншілер жолы айтылып жатыр. Оның барлығы мемлекеттің ұстанып отырған саясатының арқасында кезең-кезеңімен іске асып жатқан дүниелер. Ең бастысы, қолдағы мүмкіншілікті толық пайдаланып, қаржыны тиімді жұмсап, алға қойған мақсат жолында аянбай еңбектену керек. Алдағы жұмыстарға сәттілік тілеймін!» — деп мәлім етті Асқар Исабекұлы.

Фото Алтынбек Қартабай

TURANINFO.KZ

Тегтер: Асқар ИТараз қаласыЖамбыл облысыРүстем ДәулетРүстем Рысбайұлы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.