• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:26
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қордайда жылына 1,2 млн тонна цемент өндіретін зауыттың құрылысы басталды

turan_admin turan_admin
26.04.2023, 18:30
Облыс жаңалықтары
Қордайда жылына 1,2 млн тонна цемент өндіретін зауыттың құрылысы басталды
85
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысында өтіп жатқан «Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» Халықаралық инвестициялық форумы аясында Қордай ауданында «KORCEM» ЖШС-нің цемент өндіру зауытының құрылысы басталды.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Сингапурлық ICG компаниясының өкілі Вей Пинг, «KORCEM» ЖШС-нің атқарушы директоры Станислав Щербаковтің  қатысуымен аталған зауыт құрылысының іргетасына капсула салу рәсімі өтті.

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірімізде жаңа жұмыс орындарын ашу, ірі инвестициялар тарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Айталық, өткен жылдың қорытындысы бойынша облысқа жалпы сомасы 400 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Ал, ағымдағы жылдың 3 айында облыстың негізгі капиталына 70 млрд. теңгеге жуық инвестиция салынды.

Бүгінгі таңда облыста жалпы құны 1,5 трлн. теңгені құрайтын ТОП – 10 ірі инвестициялық жобалардың пулы жасақталып, онда 4500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.

Атап айтқанда, ресейлік «EuroChem Group AG»  компаниясының қатысуымен минералды тыңайтқыштар зауытының құрылысы жүзеге асырылып жатса, «Monterra Group AG» неміс компаниясының қатысуымен бағалы металдарды қайта өңдеу жобасы іске асуда. Бұдан бөлек, Қытай, Франция, Түркия сияқты өзге елдердің де қатысуымен ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Бүгін бұл тізім «International Сement Group LTD» Сингапурлық әріптестеріміздің инвестициялық жобасымен «КОRCЕМ» серіктестігінің цемент өндірісі бойынша зауыт құрылысымен толығуда.

Құрылыс саласы – қарқынды дамып келе жатқан сала екендігін ескерсек, бұл кәсіпорынның құрылысқа тигізер пайдасы мол болары сөзсіз.

Бұл зауыт іске қосылғанда Жамбыл облысында өндірілетін цементтің көлемі еліміздегі жалпы үлестің 35 пайызын құрайды деп көзделуде,-дей келе Нұржан Нұржігітов жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұл жобаға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

«KORCEM» ЖШС-нің атқарушы директоры Станислав Щербаков зауыт жаңа технологиялармен жабдықтыла отырып, осы бағыттағы Орта Азиядағы ең заманауи әрі қалдықсыз кәсіпорындардың бірі болатынын атап өтті.

Құны 50 млрд. теңгені құрайтын жобаның жылдық қуаттылығы 1,2 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстарына 900 адам тартылады деп көзделсе, жоба іске қосылған соң 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Негізінен жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Зауыттың цехтары 2024 жылдың аяғына қарай кезең-кезеңімен іске қосыла бастайды және 2025 жылы толық қуаттылығымен іске қосылады деп жоспарлануда. Ол үшін жақын маңдағы шикізат қоры жеткілікті десек, өніммен Жамбыл облысының ішкі нарығын және Қырғызстан мен еліміздің басқа да өңірлерін қамту көзделуде.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.