• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 13:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы Қасық ауылдық округін аралады

turan_admin turan_admin
15.02.2020, 22:29
Облыс жаңалықтары
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы Қасық ауылдық округін аралады
1k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сенбі күні, 15 ақпанда, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапары барысында Қасық ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандарды аралады.
Округ орталығы саналатын Әлжан ана ауылында Бердібек Сапарбаев тәулігіне 15 емделушіге сапалы медициналық қызмет көрсетуге қабілетті дәрігерлі амбулаторияда болды. Нысандағы штаттық бірлік 14 қызметкерді құрайды. Оның екеуі дәрігер болса, жетеуі орта буынды медициналық қызметкер. Облыс әкімі мұнда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, вакцинациялау мен скрингтеу, пациентпен жұмысты жақсартуға назар аударды.
Ал Әлжан ана ауылындағы тарихи музейі мен мәдениет үйінде болған Бердібек Мәшбекұлы жастардың мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыру, олардың қызығушылықтарына қарай түрлі үйірмелер ашуға мән беру қажеттігін тілге тиек етті. Мәдениет үйі жанында кітапхана, домбыра үйрету үйірмесі мен вокал жұмыс жасайды. Алдағы уақытта бұл үйірмелердің жұмысы жандана түсетін болады.
№ 23 Т.Рысқұлов атындағы мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу кезінде өңір басшысы ұстаздардың назарын тәрбие беруде ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасау шараларына аударды. Бұл оқу орнындағы білім алатын 850 оқушыға білім беру жұмыстарымен 85 педагог айналысады. Сондай-ақ спортзал, заманауи үлгіде жабдықталған химия кабинеті, мультимедиялық кабинеттер, жоғары сынып оқушыларына арналған шеберхана, үлкен кітапхана жұмыс жасайды.
Бердібек Сапарбаев аталған нысанға биыл күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ұсынысын қолдады.
Қордай ауылының маңында орналасқан әмбебап аквапоникалық жылыжай тек қана көкөністер мен аскөк өсіріп қоймай балықтардың бабын табуға мүмкіндік береді.
Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын жылыжайдың аумағы
0,7 гектарды құрайды. Нысан өткен жылы пайдалануға берілген. Толық қуаттылығына енгенде жылыжайда 20 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Қазірдің өзінде жылыжайда
гидропоника әдісімен көкөністің 15 түрі өсіріледі. Сондай-ақ 0,2 гектар жерге құлпынай тұқымы себілді.
Өңір басшысы жергілікті тұрғындарды қысқы мерзімде қажетті өнімдермен арзан бағада қамтамасыз ету үшін жоғары технологиялы жылыжай шаруашылығын белсенді дамытуға мән беруді тапсырды.
Жұмыс сапарын қорытындылаған Бердібек Сапарбаев барлық тапсырмалардың өз уақытында сапалы орындалу керектігін ескертіп, олардың орындалуын жеке бақылауына алатынын жеткізді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.