2023 жылғы 15 қыркүйекте Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» жобасы аясында «Менің ауылым – Қазақстанның бір бөлшегі» атты этносаралық бірлік кездесуі өтті.
Кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат ордені»нің және «Тіл жанашыры» Құрмет белгісінің иегері Осман Асылы Әлиқызымен өтті.
Сонымен қатар, кездесу модераторы Алматы облысының ішкі саясат басқармасы басшысы Елеусізова Бота Серікқызы болды.
Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар, Аналар және Медиация кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, этно-мәдени орталықтардың төрағалары мен мүшелері, аудан тұрғындары, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында халқымыздың бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін әлемге танытушы елге айналып отырғанын, әрбір қазақстандық азамат үшін ұрпақтар сабақтастығы арқылы тарихи қалыптасқан татулық, сенім мен тең құқықтылық ең маңызды қасиет екені айтылды.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлі қозғалды.