• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Мемлекеттік қызмет елмен араласуды, үлкен істерде шешім қабылдауды үйретті» – Нұрболат Сатымқұл

turan_admin turan_admin
10.09.2021, 14:43
Азаматтық қоғам институттары, Қоғам
«Мемлекеттік қызмет елмен араласуды, үлкен істерде шешім қабылдауды үйретті» – Нұрболат Сатымқұл
109
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ақындық – жан еркіндігі мен сана тәуелсіздігінен тұратын болмыс. Ал ол болмысты таза қалпында сақтап қалу үшін не істемек керек? Жұмыс пен жаныңа жақын өнерді алып жүрудің қиындығы қандай?

Өлең жазу үшін де тіршіліктен жырақтап, жаныңа үңілу керек. Кезінде Мұқағали, Жұматай сынды қазақтың азулы ақындары да сол еркіндік жолында тұрмыс-тіршілігін құрбан еткен. Ал бүгінде өзі ақын болып, әрі мемлекеттік қызметті қатар алып жүрген жастың бірі – Нұрболат Сатымқұл.

Нұрболат Ақынғалиұлы Жамбыл облысының тумасы. Өлеңімен өңірге ғана емес, республикаға танылған ақын. Ақындық, журналистика және басшылық қызметті қатар алып жүрген талантты жас. Бүгінде Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы. Жұмыс пен шығармашылықты қалай ұштастырып жүргенін өзінен сұраған едік.

  • Қанша ұлы тұлғаларымыз, жазушыларымыз үлкен қызметтерде отырған ғой. Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртазалар үлкен тұлғалар ғой мысалы. Мырзатай Жолдасбеков ағаларымыз сенатта, мәжілісте отырды. Қаншама мәдениет саласынан шыққан ұлы тұлғалар үлкен мемлекет үшін жауап беретін орындарда отырды. Оның жанында біздің қызмет айтарлықтай қиын деп айта алмаймын. Жәй күнделікті жұмыс десек те болады, — дейді.

Қалай болғанда да қызмет қаттылық пен жауапкершілікті, көпқырлылықты талап етеді. Талантты адам барлық жағынан талантты десек те Нұрболат мемлекеттік қызмет пен өнерді қатар алып жүрудің қиындау екенін жасырмады.

  • Кішкене уақыт тапшы болатыны рас. Өйткені кеш қайтатын кездер болады. Ал ол шығармашылық адамға әсер етіп, өлеңді ойлауға кедергісін келтіреді. Шындығында сәл өлеңнен алыстатты негізі. Поэзиядан алыстатты дегенім өлең оқымау емес, өлең жазбау мәселесі ғой. Бұл жерде мемлекеттік қызметтің де қатысы жоқ деп ойлаймын. Себебі оған дейін де аз жаздым ғой. Ол жақсы ма, жаман ба білмеймін.

Қандай қызметте болса да адам баласы өміріне азық боларлық тәжірбие жинақтайды. Тіршілікке тік қарайтын ақын мінезіне әкімшілік жұмысы келмейді-ау деп ойлағанмен,  өмірге өзге қырынан қарауға үйрететін секілді.

  • Ақын-жазушылар көбіне журналистика саласында жүреді ғой. Біздің қатарымыз аға буынның барлығы БАҚ өкілдері болғаннан кейін маған ақпараттық саясат оңай болды. Содан бері мемлекеттік қызметтің біраз саласында жұмыс жасасам да еш өкінгенім жоқ. Себебі мемлекеттік қызмет үлкен басшылықтағы кісілермен жұмыс істеуді, елмен араласуды, үлкен істерде шешім қабылдауды үйретті.

Өлеңге өмірін арнап, қызметте қадірін сақтай білген Нұрболат мемлекеттік қызмет пен ақындықтың арасында ұқсастық бар екенін де тілге тиек етті.

Ал енді өлең мен мемлекеттік қызметтің ұқсастығын айтайыншы. Мысалы, халықтан сұраулар, өтініштер, арыздар келіп түседі. Сол кезде арызы бар кісілердің өтінішін қанағаттандырасың ғой немесе соған себепкер боласың. Елдің көкейінде жүрген, қордаланған мәселелері шешілуіне себепкер болған кезде сол адамдардың айтқан алғысынан жүрегің жылиды. Міне, сол сәт өлеңнің ләззатындай әсер етеді – дейді Нұрболат.

Нұрболат Сатымқұл өзіне ерекше септігі тиген, тіпті университетке оқуға түсуіне, тұлға боп қалыптасуына әсер еткен  Исматова Сейсекүл ұстазына алғыс білдіреді. Ұстазы болса «қайда жүрсе де қадірлі өлеңнің қасиетін сақтауға ат салысатын азамат» — деп бағасын берді.

  • Нұрболат болашағынан көп үміт күттіретін, қайда жүрсе де қадірлі өлеңнің қасиетін сақтауға ат салысатын азамат. Сөйлегенде кез келген адамды тұқыртып жіберетін мінезділігі өз алдына, тағдыр көрген ойлы көзінде жан біткенге жүрегін бергісі келетін ақын тұлғасы сезіліп тұрады, — дейді шәкірті жайлы.

Адамдығы мен ақындығын мемлекеттік қызметке ұштастыра білген Нұрболат Ақынғалиұлының қызметте өсе беруіне, өлеңде өміршең болуына тілектеспіз.

Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» іс шара жоспарына сәйкес әзірленді.

Дереккөз:  http://tarazy.kz/?p=7554

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.