Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Одан бөлек, Қуат Қайратұлы ағымдағы жылы жүргізілген талдау нәтижелерінде анықталған бұзушылықтар, сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралған жекелеген тәртіптік істер бойынша жазаға тартылған лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне қатысты бірқатар мысалдарға тоқталып өтті.
Семинар барысында қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға заңнама аясында жауаптар берілд







