• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

turan_admin turan_admin
14.08.2021, 15:58
Қазақстан жаңалықтары
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды
796
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2021-2022 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Бұл туралы ҚР БҒМ хабарлады.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, Қазақстан студенттерінің Альянсы және «Отандастар» қорының өкілдері болды.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Биыл «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» білім беру бағыттары сұранысқа ие болды. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құқық, дизайн, менеджмент және басқа да бағыттар да сұраныста.

Грантқа үміткерлер арасында 8 мыңнан астам «Алтын белгі» иегерлері, 800-ден астам халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың 520 жеңімпазы бар. Ұпайлар тең болған жағдайда, олардың басым құқығы болды.

Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің сапалық құрамын жақсарту мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр. Біз болашақта педагог болғысы келетін талапкерлерге қойылатын талаптарды күшейтіп жатырмыз. Ұлттық бірыңғай тестілеуде педагогикалық бағыттар бойынша өту балы 75-ке дейін көтерілді. Бұл ретте біз оң үрдісті байқап отырмыз — педагог болуға ниет білдірген түлектердің саны артып келеді, — деп атап өтті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік осал санаттағы балаларға алғаш рет квоталар бөлінді. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды.

Сонымен қатар тиісті квота бойынша гранттарды жетім балалар мен этникалық диаспора өкілдері алды. Осылайша, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарындағы талапкерлер білім беру гранттарын беру кезінде артықшылыққа ие болды. Мәселен, егер педагогикалық мамандықтарға 11 мыңға жуық білім гранты бөлінсе, олардың мыңнан астамына жеңілдігі бар санаттағы азаматтар ие болды, — деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетейік, Президенттің тапсырмасы бойынша гранттардың жалпы саны 5 мыңға артты. Яғни, өткен жылы 51 мың грант бөлінсе, биыл 56 мыңға дейін ұлғайды.

Ендігі кезекте мемлекеттік білім гранты иегерлері оқуға қабылдану үшін құжаттарын жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс.

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады:

1) ҚР БҒМ Telegram каналы https://t.me/bilim_jane_gylym

2) «Егемен Қазақстан» республикалық газеті және https://egemen.kz/ сайты;

3) «Казахстанская правда» республикалық газеті және https://www.kazpravda.kz/ сайты;

4) https://tengrinews.kz/ ақпараттық порталы;

5) https://ru.sputnik.kz ақпараттық порталы;

6) «Күнделік» жүйесі https://portal.kundelik.kz;

7) Joo.kz, UniVision.kz қосымшалары.

 

Дереккөз-baq.kz : https://baq.kz/news/othernews/memlekettik-bilim-granty-iegerlerinin-esimderi-belgili-boldy/

Тегтер: #Мемлекеттік білім гранты # иегер # түлек # білім # студент # БҒМ # тізім
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.