• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекет басшысы IV Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ашылу рәсімінде бейнеүндеу жасады

turan_admin turan_admin
05.11.2021, 12:58
Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы IV Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ашылу рәсімінде бейнеүндеу жасады
132
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бейнеүндеуінде жиынға қатысушыларды IV Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ашылуымен құттықтады.

– Биыл біздің достас халықтарымыз өз тарихындағы маңызды белеске жетті. Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына – 100 жыл. Сондай-ақ, екі айдан кейін тағы бір айтулы оқиғаны атап өтеміз. Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Бүгін біздің жан-жақты әрі мәңгілік стратегиялық серіктестігіміз кемелденіп, жаңа кезеңге қадам басты деп нық сеніммен айта аламын. Қарқынды дамып келе жатқан Қытай елі әрдайым Азиядағы ең басты және сенімді серіктесіміз болып қала береді, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өзара тиімді екіжақты ынтымақтастық кең-байтақ Еуразия құрлығында бірлесе дамуға және өркендеуге жол ашып отырғанына, сауда-экономикалық қатынастар – ықпалдастығымыздың берік іргетасы екеніне тоқталып, алдағы кезеңде солай бола беретінін атап өтті.

– Қиындыққа қарамастан, күрделі 2020 жылдың өзінде екіжақты  тауар айналымы  5 пайызға өсіп, 15 миллиард доллардан асты. «Өзгерістер желі соққанда, біреулер қабырға тұрғызады, енді біреулер жел диірмен салады», – деген көне қытай нақылы бар. Пандемияға байланысты Қазақстан-Қытай шекарасына енгізілген уақытша шектеу шаралары тезірек аяқталып, алыс-беріс қайтадан жандана түседі деп сенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті құттықтау сөзінде сауда-саттық әрдайым өркендеудің және халықаралық ынтымақтастықтың басты қозғаушы күші саналатынын, бұл қағидат ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан біздің өңір үшін де аса маңызды екенін айтты.

– Осы ежелгі сауда жолы Төраға Си Цзиньпиннің «Белдеулер мен жолдар» атты ауқымды бастамасының арқасында қайта жаңғырды. Қазір жыл сайын  Қытайдан Еуропаға Қазақстан аумағы арқылы 500 мыңнан астам контейнер тасымалданады. Құрық теңіз айлағы іске қосылғаннан кейін «Ляньюнган – Карс» тасымал дәлізімен Қорғастан Ыстанбұлға жүк жеткізу мерзімі бес есеге, яғни 60 күннен 13 күнге дейін қысқарды. Біз Қорғастан бөлек, бірқатар көршілес елдермен жаңа шекарааралық хаб құрып жатырмыз, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл әлемді шарпыған коронавирус індеті жаһандық сауда желісінің жұмысына айтарлықтай нұқсан келтіргеніне тоқталды. Сондай-ақ Қазақстан тұрақты транзиттік тасымал бағдарын нығайтып, оны әртараптандырып, инновациялық логистикалық әдіс-тәсілдерді енгізу үшін барлық мүдделі тараппен тығыз жұмыс жүргізе беретінін айтты.

– Бүгін есігін айқара ашқан Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесі, шын мәнінде, дүниежүзінің әр түкпіріндегі экспортшыларды ұйыстыратын орталыққа айналды. Осы маңызды шараға 120-дан астам мемлекеттен тауар өндірушілер жиналып отыр. Бұл Шанхай көрмесі Қытайдағы алып нарыққа кіретін «алтын қақпа» екенін айқын көрсетті. Осы көрмеге Қазақстаннан 30 ірі өнім өндіруші қатысуда. Олар жалпы құны 100 миллион доллардан асатын азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға келісім шарт жасайды деп жоспарланып отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Қазақстан Президенті сөзін қорытындылай келе, Шанхай көрмесіне қатысушылардың жұмысына табыс тілеп, өзара тиімді сауда байланыстары көкжиегінің кеңейе беруіне ниеттестік білдірді.

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.