• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Медиация – татуластыру механизмі

turan_admin turan_admin
16.08.2022, 09:37
Қоғам
Медиация – татуластыру механизмі
262
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Медиация сөзі бізге бейтаныс ұғым болғанымен, ежелгі билердің бітімгершілікке шақыру сияқты игі істері осыған мысал бола алады. Жалпы алғанда медиация – татуластыру деген мағынаны береді. Медиация туралы Заң Қазақстан Республикасында 2011 жылы қабылданған. Бұл сала мамандары азаматтық және қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеу бағытында жұмыс істейді. Әлемдік тәжірибеде медиация ұғымын өткен ғасырдың екінші жартысында Америка Құрама Штаттары тәжірибеге енгізген. Бұл механизм сонымен қоса Ұлыбритания, Австралия сияқты елдердің тәжірибесінде қолданылады. Аталған мемлекеттерде медиаторлар қоғамның барлық саласындағы келіссөздерге кедергісіз араласа алады. Тіпті бұл елдердегі соттар медиатордың қолынан өтпеген кейбір істерді мүлде қабылдамайды. Демек осы елдерден үйренеріміз аз емес. Енді өзіміздің өңірге ойыссақ.

Жамбыл облысында «Қоғамдық келісім» КММ аясындағы медиация кабинеті және облыс бойынша құрылған 40 медиация алаңы халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, практикалық және медиативтік көмек көрсетеді. 2022 жылдың II тоқсанында Жамбыл облысы ҚХА медиаторларына 230 азамат жүгінген. Олардың ішінде 175 жанжал мен даулы жағдайлар шешілді. Шешілген мәселелердің негізгі түрлері: отбасы- 30, мектеп-14, қылмыстық-35, азаматтық-96. Медиация институтын насихаттау үшін медиация кабинеті 4 шара өткіздіген. Аталған шараларға 227 адам қатысқан. БАҚ-та татуластыру рәсімдерін насихаттау бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында медиация мектебінің, медиаторлар кеңесінің және медиация кабинетінің жұмысы туралы 3 мақала және 13 материал дайындалып, интернет-сайттарда
жарияланған.

Медиация кабинетінің екінші тоқсандағы татуластыру рәсімдерін насихаттау бойынша жүргізген жұмысының нәтижелері өткен жылмен салыстырғанда мынадай нәтиже көрсетіп отыр: ағымдағы кезеңде азаматтар медиация кабинеттеріне 2021 жылғы екінші тоқсанға (385) қарағанда 40,2% — ға аз жүгінген. Пайыздық азаю облыстың барлық аудандарында билер кеңесі (11) және қоғамдық келісім кеңесі (181) құрылып, жұмыс істейтіндігімен байланысты болып отыр. Олардың қатарына әртүрлі елді мекендердің ақсақалдары мен құрметті тұрғындары ғана емес, ҚХА медиаторлары да кірді. Медиаторларға қосылып, олар халық арасында дауларды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін қарастырып отыр.

Медиация бағытында атқарылған жұмыстар тек бұл емес. Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинеті Тараптар қақтығысының деңгейін төмендету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етумен байланысты қызметі ҚХА Қоғамдық құрылымдарын және мүдделі уәкілетті тұлғаларды шоғырландыру бойынша жұмыс жүргізуде. 2022 жылдың 5 тамызында Тараз қаласының Достық үйінде өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кабинетінің Ашық есік күні» республикалық акциясына судьялар, ішкі істер, әділет және адвокатура органдарының қызметкерлері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, этномәдени бірлестіктердің, Ақсақалдар кеңесінің, Қоғамдық келісім, Аналар кеңестерінің өкілдері, Жамбыл облысының ҚХА және өңірлік Ардагерлер кеңесі жанындағы билер және БАҚ тілшілері белсенді қатысты. Келелі жиында Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Ләззат Рамазанова «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңнаманы жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады. Ол жазаланушыны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы заңнаманы жетілдіруге және оны қолдану тәжірибесінде медиацияны қолдануға тоқталды.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының судьясы Тахмина Сұлтанова өз сөзінде «Отбасылық даулардағы Медиация» тақырыбын жан-жақты ашып, келісім жасау кезіндегі бұзушылықтарға егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, спикер ювеналды сот пен ҚХА құрылымдары арасындағы нәтижелі ынтымақтастықты атап өтіп, қылмыс жасаған жасөспірімдерді оңалтуға этномәдени бірлестіктер тартылғанын тілге тиек етті. Жамбыл облысы ардагерлер Кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлы жанжалдарды шешуге белсенді қатысып, медиаторлармен бірге халық арасында дауларды бейбіт жолмен шешудің мүмкіндіктері мен жағымды жақтарын белсенді насихаттап жүрген билердің жұмысы туралы айтып берді. Іс-шараның модераторы,

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева қатысушыларды Медиация кабинетінің қызметімен таныстырды. Іс-шара медиаторлар өз тәжірибесінде кездесетін проблемалық мәселелерді ортаға салған диалог алаңымен аяқталды. Барлық қызықтырған сұрақтарға судьялар мен құқық қорғау органдарының өкілдері жауап берді.

Арайлы Жақсылық

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

«Сайлау қорытындыларына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

24.08.2026, 15:50
«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

«ХАЛЫҚ ҮНІ» САҚАДАЙ САЙ: ТАРАЗДА ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАР ДАЯРЛЫҚТЫ АЯҚТАДЫ

21.08.2026, 20:05
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.