• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 18:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

МАЙДАНГЕРЛЕР ЕСІМІ МӘҢГІ ЕСТЕ ҚАЛУ КЕРЕК

turan_admin turan_admin
10.04.2018, 12:44
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
МАЙДАНГЕРЛЕР ЕСІМІ МӘҢГІ ЕСТЕ ҚАЛУ КЕРЕК
389
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ер есімі ел есінде қалсын десек…
Майдангерлер есімі ұлықталады
Архив қызметкерлерінің абыройлы ісі
Архившілер майдангерлер есімін тізуде

Жамбыл облысына биылғы жылдың басында жаңадан келген басшы Асқар Мырзахметов өңір бюджетінен 372 миллион теңге қаражат бөліп, Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағын жаңғыртуды тапсырған болатын. Осы орайда ел есіндегі ерлерді естен шығармай, ІІ-дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлердің есімдерін ұлықтап, өшпестей етіп мәрмәр тасқа қашап жаздыру мақсатындағы толағай жұмыстардың легі бір айдан бері қызу жүріп жатыр. Бұл ретте Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Жамбыл облыстық және Тараз қалалық мемлекеттік архивтері ағымдағы жылдың 1-наурызынан бастап бірлесе отырып Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің тізімін жасақтауда. Жамбыл өңірінен облыстық қорғаныс департаменті ұсынған мәліметтердің негізінде ІІ Дүниежүзілік соғысқа 68710 адам аттанған. Ал, архив қызметкерлері дәл қазіргі таңда соғыстан кейінгі бейбіт өмірде Әулиеата жеріне келіп ғұмыр кешкен азаматтардың тізімінің жасақтап жатыр. Аталған 68710 майдангердің тізімі кеңестік кезеңде құпия құжат саналғандықтан электрондық нұсқасы мүлде жоқ. Өңірдегі әрбір аудандық әскери комиссариаттардағы журналдарды негізге ала отырып, электрондық нұсқадағы тізімді жасап отырған архив қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Айта кетерлік жәйт, осы тізімге кейбір жанұяларына соғыста қаза тапқандығы жөнінде хабар бармай, із-түссіз жоғалған майдангерлердің қара қағаздары табылып, кейініректе өңірге келіп өмір сүрген ардагерлердің аты-жөнімен 34000 адамның тізімі қосылып, жалпы 94960 майдангердің тізімі Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің базасында жинақталды. Қазіргі таңда, аудандар мен ауылдардан жинақталған тізімде майдангерлердің тегтері қайталанып кетпеуі сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Қабылбекқызы өз сөзінде бұл тізімдегі нәтижеге ауылдық округ әкімдіктері, аудандық, қалалық, облыстық ардагерлер кеңесіне, әлеуметтік саладағы мекемелерге, облыстағы «Ақ жол», «Знамя Труда» сынды мерзімді басылымдарға, өңірдегі «Jambyl TV» телеарнасына, «Turaninfo.kz» ақпараттық агенттігіне хабарландыру беру арқылы жетіп отырғанын атап өтті.

Осы тұста көзі қарақты оқырманға архив қызметкерлерінің әскери бөлімдердегі құжаттар негізінде әзірлеген майдангерлердің тізіміне енбей қалған бабаларыңыздың, әкелеріңіздің, жақын туыс ағайындарыңыздың, бір сөзбен айтқанда, өзіңіз білетін азаматтардың аты-жөнін, қашан, қай жерден майданға алынғаны жөнінде айғақтайтын құжаттарын немесе тізімде есімі қате жазылған азаматтар туралы ақпаратты arhiv1939@gmail.com электронды поштасына немесе Тараз қаласы, Абай көшесі, 125 А (Жамбыл облысының мемлекеттік архиві) мекен-жайына жолдауларыңызға және Жамбыл өңірінің тұрғыны болған азаматтар үшін арнайы whatsapp желісіндегі нөмір: 8701 748 37 92.
Жолданған ақпараттың назарға алынғаны жөнінде 8 (7262) 453250 нөміріне қоңырау шалып біле аласыздар. Құрметті оқырман, ерлердің есімін мәңгі жадыда қалдырар сауапты іске үлес қосуларыңызды өтінеміз.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50
Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33
Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.