• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мәжіліс кредиттік рейтингтердің сапасына қатысты құжатты мақұлдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат бірінші оқылымда мақұлданды.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
15.04.2026, 11:46
Қазақстан жаңалықтары
Мәжіліс кредиттік рейтингтердің сапасына қатысты құжатты мақұлдады
25
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жаңа заң жобасы алғаш рет Қазақстандағы кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеудің құқықтық негізін белгілейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі.

Кредиттік рейтингтерді кредиттік тәуекелді бағалау және инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде инвесторлар, банктер және реттеушілер кеңінен қолданады. Рейтингтер — қаржы нарығы инфрақұрылымының негізгі элементі. Олар борыштық бағалы қағаздарды шығару және айналысқа жіберу, сондай-ақ эмитенттердің кредит қабілеттілігі мен қаржы құралдарын бағалау кезінде пруденциялық реттеуде кеңінен қолданылады.

— Бүгінде Қазақстан Республикасының аумағында Standard & Poor’s, Moody’s және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктері рейтинг береді. Сонымен бірге шетелдік рейтингтік агенттіктерді аккредиттеу арқылы ЭКСПЕРТ РА және АКРА пруденциялық реттеу мақсатында рейтинг береді. Бұл ретте ұлттық рейтингтік бағалау жүйесі және құқықтық базасы қалыптаспаған. Рейтингтерді негізінен қаржы ұйымдары мен ірі бизнес компаниялары алады. Ұлттық рейтингтік жүйені құру шағын және орта бизнес үшін капитал нарығына шығуды жеңілдетеді. Бұл қарыз алу құнын төмендетуге, ақпараттық асимметрияны азайтуға және эмитенттердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Банктер, зейнетақы қорлары және сақтандыру ұйымдары сияқты институционалдық инвесторлар үшін инвестициялау мүмкіндігін кеңейтеді, — деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Заң жобасы 7 тараудан, 30 баптан тұрады. Ол рейтингтік қызметті мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың кешенді моделін құрайды. Ілеспе заң жобасымен 3 кодекске және 18 заңға түзетулер енгізіледі. Рейтингтік қызметті реттеудің негізгі мақсаты – рейтингті пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

Жаңа заңда келесі реттеу міндеттері көзделген:

1) Рейтингтік қызметтің құқықтық негіздерін белгілеу;

2) Рейтингтік қызметтің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

3) Рейтингтік қызметті мониторингтеу және қадағалау;

4) Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржы нарығына деген сенімді нығайту.

Қазақстанның рейтингтік агенттігі құрылмақ

— Заң жобасы аясында рейтингтік қызметті реттеудің мынадай негізгі бағыттары қарастырылады. Осы орайда рейтингтік қызметті жүзеге асыру үшін заңнамалық негіздер құру ескерілген. Заң жобасында кредиттік рейтингтік агенттіктердің үш түрін көздейтін институционалдық модель енгізіледі. Біріншіден, тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігін құру. Оның акционерлері Ұлттық банк, халықаралық рейтингтік агенттік және басқа да қаржы ұйымдары болады. Ұлттық Банк агенттіктің қаржылық орнықтылығын және қаржы нарығы тарапынан сенімді қамтамасыз етеді, — деді М. Әбілқасымова.

Екіншіден, халықаралық рейтингтік агенттіктер қамтылған. Бұл – Standard&Poor’s, Moody’s, Fitch агенттіктері мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының кемінде бес елі таныған басқа рейтингтік агенттіктер. Сонымен қатар рейтингтік қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды енгізу ескерілген. Заң жобасында кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеу мен қадағалаудың толық циклі қалыптастырылады. Агенттікке халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерді тану, мониторингтеу және тануды кері қайтарып алу, сондай-ақ рейтингтік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау өкілеттіктері беріледі.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық рейтингтік агенттік үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар заңға тәуелді деңгейде белгіленетін болады. Жарғылық капитал шамамен 10 млрд теңгені құрайды деп қарастырылған. Бұл басқа елдердегі ұлттық рейтингтік агенттіктердің практикасына сәйкес келеді.

Кредиттік рейтинг әдіснамаларына қойылатын талаптарды белгілеу

Заң жобасында рейтингтік қызметтің негізгі элементі ретінде рейтингтерді беру әдіснамаларын реттеу қарастырылған. Рейтингтік қызмет тек бекітілген әдіснамалар негізінде жүзеге асырылады. Әдіснамаларға қойылатын талаптар белгіленеді. Олар кредит қабілетін кешенді бағалауды, тәуекелдің барлық маңызды факторын ескеруді, тарихи деректер негізінде салыстыруды және тексерілуді қамтамасыз етуге тиіс. Бұған қоса әдіснамаларды жылына кемінде бір рет тұрақты жаңартып отыру талабы енгізіледі. Әдіснамаларда қателер анықталған жағдайда, оларды ашу міндеті енгізіледі.

Бұдан бөлек, ақпараттың ашықтығына қойылатын талаптарды белгілеу қарастырылған. Заң жобасының маңызды жаңалығы — рейтингтік агенттіктер үшін ақпаратты ашу стандарттарын белгілеу.

— Барлық рейтингтік агенттіктер өздерінің интернет-ресурсында әдіснамаларды, баға белгілеу саясатын және орын алған мүдделер қақтығысын ашық жариялауға міндетті. Рейтингтер бойынша дефолт деңгейлері туралы тарихи деректерді және агенттік қызметінің ашықтығы туралы жыл сайынғы есепті жариялау туралы талап енгізіледі, — деді М. Әбілқасымова.

Оның пайымынша, ұсынылып отырған заң жобасы кредиттік рейтингтердің ашықтығын, тәуелсіздігін және сапалы болуын қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ рейтингтік қызметті реттеудің жүйелі және халықаралық стандарттарға сәйкес моделін қалыптастырады. Оны қабылдау ішкі капитал нарығын дамыту үшін институционалдық негіз болып табылады, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғауды және қаржы жүйесіне деген сенімді арттырады.

 

Тегтер: кредиттік рейтингҚАРЖЫМәжілісхалықаралық рейтинг
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.