• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Ұлы Дала Өркениеттері» байқауы мәресіне жетіп, мектептер жабылуын салтанатты түрде өткізді

turan_admin turan_admin
21.10.2021, 18:37
Азаматтық қоғам институттары
«Ұлы Дала Өркениеттері» байқауы мәресіне жетіп, мектептер жабылуын салтанатты түрде өткізді
158
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі орта білім беру ұйымдары арасында өткізіліп жатқан “Ұлы дала өркениеттері” атты байқауына орта білім беру ұйымдары белсене қатысып жатыр.
Өткізіліп жатқан іс шаралар өскелең ұрпақты  Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуға өз септігін тигізіп жатыр.
Қазақтың ұлы даласы — үлкен мәдениет пен өркениеттің ошағы. «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен өткен «Ұлы Дала Өркениеттері» байқауы барысында оқушыларымыз күн сайын танымал талантты тұлғалармен, ақын-жазушылармен, зиялы қауыммен кездесіп, қазақтың рухани, мәдени мұрасы бай екенін, ұлттық құндылықтарының қасиетін, ата-баба өсиетін, тарихи үлгі-өнеге тұтар парасатты ой толғаныстарын тыңдап, рухани азық алды. Егер мәдениет адамды қалыптастыру, жетілдіру болып табылса, бұл ұйымдастырылған — «Ұлы дала өркениеттері» жастардың дамуына жол ашатын байқау екенін көрсетті. Ұлы дала өркениеттері байқауы — ұлттық құндылықтарды ұлықтауымен ерекшеленді. Оқушы бойына ізгі қасиеттерді сіңірту, танымал таланттарды үлгі етіп ұсыну- біздің борышымыз. Меніңше, бұл байқау рухани құндылықтар мен ізеттіліктің асқан жоғарылығымен ұтымды. Баланың адам болып қалыптасуына зор маңызы бар деп ойлаймын. Мағжан Жұмабаев: «Тәрбие, кең мағынасында алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету», — деген еді. Ендеше, оқушыларымызға рухани азық алуға аталмыш байқау өз септігін тигізді деп санаймын. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Г. Социализм
«ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР-ТƏРБИЕ КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОЛӨНЕР КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жамбыл облысы жастар ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен орта білім беру мекемелері арасында «Ұлы дала өркениеті» байқауы өткізілуде.
Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мəдениетін, ана тілін, ұлттық дəстүрлерін сақтау жəне дамыту, дəстүрлерді жаңғырту жəне ілгерілету мəселесіне, ұлттық жəне мəдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мəдениетіне, халық шығармашылығын қайта жаңғыртуға тарту, оқушылар мен оқытушылардың арасында ұлттық идеологияны арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға қатысып, біздің мектебіміздің ұжымы да бақ сынауда. Осы орайда жоспар бойынша жұмыс жүргізілуде.
№57 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұлы дала өркениеттері» байқауы аясында «Ұлттық қолөнер — тәрбие көзі» тақырыбында қолөнер көрмесі өткізілді.
Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы – қолөнері болып табылған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін, ою-өрнектерді, табиғи шикізатты пайдалана отырып, тұрмыстық заттарды да жасаған.
Халық шеберлері, ұсталары ағаштан тек үй тұрмысына қажетті бұйымдарды ғана жасап қоймай, оларды әшекейлеуді, безендіруді, көркемдеп қашауды, ағаш бетінде нақышты өрнектер салуды шебер меңгерген. Өнердің бұл түрімен ата-бабаларымыз сонау көне дәуірінен бастап айналысқан. Шеберлер ұлттық қолөнерлер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет.
Қазіргі кезде ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін қолөнерге байланысты үйірмелер, мектепте технология пәні болып табылады. Жастарға халқымыздың қолөнер түрлерін насихаттау мақсатында №57 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың қатысуымен, оқушылардың өз қолдарынан шыққан туындылары «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбында өткізілген қолөнер көрмесінің өскелең ұрпаққа берер тағылымы мол.
Қолөнер үйірмесінің жетекшілері Умбетова Гулара апай мен Худайназарова Шахида апай, Умбетов Алладин ағай оқушыларға әртүрлі қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын түсіндірді. Шараға қатысушылар қолөнерге байланысты сұрақтарын қойып, қолөнерге деген қызығушылығын көрсетті.
Біздің шəкірттеріміз байқаудың аясында өткізіліп отырған іс-шараларға сүбелі үлес қосуда.

Байқауға “Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға бес жүз мың теңге, ІІІ орынға үш жүз мың теңге қарастырылған.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.