• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Өлім саны күрт өсуі мүмкін»: Цой төсек-орын тапшылығы туралы айтты

turan_admin turan_admin
27.07.2021, 21:55
Қазақстан жаңалықтары
«Өлім саны күрт өсуі мүмкін»: Цой төсек-орын тапшылығы туралы айтты
191
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Еліміздің бірқатар өңірінде инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың тапшылығы болуы мүмкін.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алексей Цой коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеген.

Денсаулық сақтау жүйесі өткен жылмен салыстырғанда екі есе жүктемемен жұмыс істейді. Осыған байланысты комиссия карантин режимін күшейту жөніндегі бірқатар шараларды қарады.

Барлық өңірде сырқаттанушылықтың өсуі жалғасуда. Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,9 есе өсті. Солтүстік Қазақстан облысында — 3,5 есеге, Қызылорда облысында — 3 есеге, Ақтөбе облысында — 2,9 есеге, Түркістан облысында және Шымкент қаласында — 2,5 есеге өсуі байқалады,  — деді Цой.

Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік сырқаттанушылық 5,2 есе артты. Жалпы республика бойынша өлім жағдайының саны 2 аптада 1,8 есеге көбейді.

Министрдің айтуынша, инфекциялық және реанимациялық төсек-орынның ең көп толуы Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарында байқалады.

Егер өткен жылы 3 348 адам сырқаттанса, биыл шілде айында 2 еседен артық. Сондай-ақ емделіп жатқан пациенттер саны 2 есеге артты. Бірқатар өңірде инфекциялық және реанимациялық төсек-орын тапшылығы болады деген болжам бар. Бұл өлімнің күрт өсуіне әкелуі мүмкін. Тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстары тұр, — деді Цой.

Сондай-ақ ол қолданылып отырған карантиндік шараларға қарамастан, бірқатар өңірде көп адам баратын салтанатты іс-шараларды өткізу жалғасып жатқанына назар аударды. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға мониторингтік топтар жұмысын күшейтуді тапсыруды сұрады.

Денсаулық сақтау министрлігі 2 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында қосымша шектеу шараларын қабылдауды ұсынды.

Дереккөз- baq.kz : https://baq.kz/news/othernews/olim-sany-kurt-osui-mumkin-coy-tosek-oryn-tapshylygy-turaly-aytty/

Тегтер: #ДСМ # инфекция # реанимация # төсек-орын # сырқат # өлім
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.