• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртауды» өндірістегі апаттарды азайту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға шақырды

turan_admin turan_admin
08.07.2022, 17:38
Қазақстан жаңалықтары
Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртауды» өндірістегі апаттарды азайту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға шақырды
228
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Теміртау қаласының өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарын аралады.

Үкімет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 3-домна пешінің жұмысымен танысты, сондай-ақ облыс және кәсіпорын басшылығымен өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов металлургия қауіптілігі аса жоғары өндіріс саласы екенін атап өтті. Бұл ретте «АрселорМиттал Теміртауда» аталған проблема өткір болып тұр, ал кәсіпорында жүргізіліп жатқан қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беріп отырған жоқ.

Үкімет басшысының пікірінше, технологиялық процестерді жаңғыртуға, оның ішінде моральдық тұрғыда әбден тозығы жеткен жабдықтарды жаңартуға бөлінген инвестициялар жеткіліксіз. Бұл – өндірістегі апаттық жағдайлардың туындауына әкелетін басты себептердің бірі.

«Жыл сайын өндірісте 10-12 адам мерт болады. Біз бұл жағдайға көне алмаймыз. Жабдықтардың әбден тозығы жеткен, жаңғыртуға салынатын инвестициялар деңгейі басқа кәсіпорындармен салыстырғанда 2-3 есе төмен. Мұны түзету керек. Инвестиция көлемін кезең-кезеңмен арттырып, ең алдымен, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек», — деді Ә. Смайылов компания басшылығына.

Сонымен қатар Премьер-Министр экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

«Күн тәрбіндегі экологиялық мәселелер өткір тұр. Мемлекет басшысы біздің алдымызға тиісті міндеттер қойып отыр. Сондықтан бұл мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеуіміз керек», — деді ол.

Осыған байланысты Үкімет басшысы кәсіпорын басшылығын өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және экологиялық міндеттемелерді сақтау бойынша пәрменді шаралар әзірлеуге шақырды.

Бұдан кейін Әлихан Смайылов «Линде Газ Қазақстан» ЖШС өнеркәсіптік газ өндіру зауытының қызметімен танысты. Зауыт Мемлекет басшысының Германияға сапары кезінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін іске қосылған.

«Бұл орайда екі ел арасындағы уағдаластықтар табысты іске асырылып жатқанын көруге болады. Бұл біздің елге инвестиция салуды қарастыратын басқа шетелдік компаниялар үшін жақсы ынталандыру болмақ», — деді Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов компанияның көмірқышқыл газы шығарындыларын азайту жөніндегі шешімдері еліміздің басқа өңірлеріндегі металлургия және химия зауыттарында, мұнай-газ және энергетика салаларының кәсіпорындарында сәтті қолданылуы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Теміртауда балаларды тәрбиелеу мен дамытудың жақсартылған бағдарламасын іске асыратын «Жас таланттар академиясы» балабақшасына барды.

Биыл республика бойынша 322 жаңа балабақшаны іске қосу жоспарланған, оның ішінде 14 балабақша Қарағанды облысында орналасқан.

Премьер-Министр әрбір балаға мектепке дейінгі сапалы білім беріп, тәрбиелеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту және бизнесті ынталандыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.