• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өңірде жастарға кәсіби бағыт берудің жаңа алаңы ашылды

2025 жыл – елімізде «Жұмысшы мамандықтар» жылы болып белгіленгені белгілі.

Turan Redaktor Turan Redaktor
26.06.2025, 21:32
Облыс жаңалықтары
жайлы мектеп
40
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осыған орай жастардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі базасында жаңа бастама – «STARTPROFI-ZHAMBYL» кәсіби бағдар беру алаңы іске қосылды. Аталған алаң – тек ақпарат беру орталығы ғана емес, тәжірибелік бағыттағы жұмыс алаңы. Оның басты мақсаты – жастарды өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес келетін мамандықты дұрыс таңдауға жетелеу. Бұл жоба еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы кеңінен мағлұмат беріп, нақты жол көрсетуімен ерекшеленеді.

Алаң жұмысының негізгі бағыттары:

🔹 Кәсіптік диагностика: оқушылардың қабілеті мен бейімін анықтайтын тесттер мен сараптамалар;

🔹 Кәсіптер әлеміне саяхат: түрлі мамандықтар бойынша видеоэкскурсиялар мен таныстырылымдар;

🔹 Менторлық сессиялар: табысты еңбек адамдарымен жүздесу арқылы өмірлік тәжірибе алу;

🔹 Өндірістік турлар: кәсіпорындарға барып, нақты еңбек процесімен танысу;

🔹 Практикалық шеберлік сабақтар: кәсіптік шеберлікті жетілдіруге бағытталған мастер-кластар;

🔹 Оқу орындары туралы ақпарат: колледждер мен жоғары оқу орындарының таныстырылымы;

🔹 Қызығушылық клубтары мен үйірмелер: шығармашылық қабілетті арттыруға бағытталған шаралар;

🔹 Ата-аналармен кеңес: кәсіби бағдар беруде ата-аналардың рөлін күшейту.

Алаңның ашылу салтанатына еңбек нарығы мен кәсіпкерлік саласының белді өкілдері қатысты. Атап айтқанда, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бас маманы Мая Оспановна, «Би-Дәулет» ЖШС директоры Туғанай Жалмұратқызы, сондай-ақ «Рысбаев и Ко» ЖШС директорының орынбасары Қайрат Темірғалиұлы жастарға еңбек нарығының қазіргі жағдайы, сұранысқа ие кәсіптер мен мамандықтарды таңдаудағы негізгі факторлар туралы құнды ақпараттар ұсынып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. «STARTPROFI-ZHAMBYL» кәсіби бағдар беру алаңы – жастарға бағыт беретін, болашақ өміріне жол сілтейтін маңызды орталыққа айналмақ. Мұндай бастамалар жас буынның еңбекке бейімделуіне, өз жолын дұрыс таңдауға және табысты маман болып қалыптасуына зор үлес қосатыны анық.

Жамбыл облысы Білім басқармасы

Тегтер: Жамбыл облыстық Білім басқармасыЖамбыл облысыкәсіби бағдар
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.