• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
10.11.2026, 05:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Игерілмей жатқан жер мемлекетке қайтарылуы тиіс

turan_admin turan_admin
10.06.2021, 12:13
Облыс жаңалықтары
Игерілмей жатқан жер мемлекетке қайтарылуы тиіс
243
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың Жамбыл ауданы əкімдігі аппаратының мəжіліс залында өткен жайылым жер мəселесі жөніндегі облыстық прокуратурамен бірлескен Алқа мəжілісіне қатысты. Жиынды облыс прокуроры Нұрғалым Əбдіров ашып, бүгінгі таңда пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлер мен жайылымдарды мемлекет қорына қайтару бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.

Жалпы өңірдегі пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді анықтау, ревизия жүргізу, мемлекет қорына қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы баяндады. Оның айтуынша, облыстағы жер қорының 32 пайызы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Ал жайылымдық жердің көлемі 34 миллион гектардан астам. Мəселен, прокуратура тарапынан жүргізілген тексеріс барысында Байзақ ауданындағы «Тұрсынбай» шаруа қожалығы 15 гектар жайылымдық жерді пайдаланылмай отырғаны белгілі болған. Сол сияқты жайылымдық жерге қатысты заң бұзушылықтарға Шу ауданында да жол берілген. Бұдан бөлек, облыс бойынша 673 мың гектар жайылым 157 лотифундистердің пайдалануында. Бұл анықталған жерлер негізінен Қордай, Шу, Мойынқұм жəне Талас аудандарында орналасқан. Сондай-ақ ревизия барысында кейбір ауыл әкімдері бірде-бір малы жоқ адамдарға жайылымдарды мақсатсыз үлестіргені анықталған. Сонымен қатар жер иесі қайтыс болып кеткен азаматтардың жайылымдық жерлері қайта рəсімделмеген болып шықты. Баяндамашы сөзінің соңында пайдалагылмай жатқан ауыл шаруашылығы мен жайылымдық жерлерді мемлекет қорына қайтаруды жолға қою үшін облыс әкімдігі қасынан арнайы жұмыс тобын құру керек деген ұсыныс айтты.

— Баяндамаңызда облыста пайдаланылмай жатқан үш мыңнан астам жайылымдық жер анықталғанын айтып қалдыңыз. Қазіргі таңда оның қаншасы мемлекет қорына қайтарылды? Біз ол игерусіз жатқан жерлерді қайтарып қана қоймай, қайта айналымға қосуымыз керек, осыны нақтылай кетсеңіз, — деді облыс əкімі. Прокурордың орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы, бүгінгі таңда 263 гектардың қайтарылғанын, қалған жерлер бойынша заң аясында қайтару шаралары қолға алынғанын айтты.

Келесі кезекте тақырып аясында облыс əкімдігі жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Əбілхайыр Тамабек пен жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов хабарлама жасады.

-Тексеру қорытындысы кейбір аудандарда пайдаланылмай жатқан жайылымдардың көптігін анықтады. Соның ішінде Шу ауданы да бар. Бұдан бөлек, Талас ауданында – 108, Жамбылда – 58, Қордайда — 20 мың гектар жайылымдық жер пайдаланылмай жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ осы және басқа аудандарда жүзге жуық жайылымға иелік етіп келген жер иелері қайтыс болып кеткен. Ол жайылымдық жерлер не туыстарына не сол отбасы мүшелерінің біріне рәсімделмей жылдап қалып келеді. Бұл бойынша аудан әкімдері не жұмыс істеп жатыр?,- деп жиын төрағасы Нұрғалым Әбдіров онлайн режімінде қатысып отырған аудан əкімдеріне сұрақты төтесінен қойды. Қойылған сұрақтарға  Шу, Талас, Жамбыл, Қордай, Жуалы ауданының əкімдері, олардың орынбасарлары мен топ мүшелері, ауылдық округтің әкімдері жауап берді.

Бердібек Машбекұлы да сол аудандар бойынша мәліметтерді көтере отырып, «Мәселен, Талас ауданында 2013 жылы дүниеден өтіп кеткен Қамысбаевтың атында 234 гектар жайылым жер тіркелген. Бірақ ол жер əлі күнге дейін ешкімнің атына рәсімделмеген. Оны біреу пайдаланып келеді ғой. Ол жер неге мемлекет қорына қайтарылмаған. Сондай-ақ «Шəушенова» шаруа қожалығының еншісінде 6600 гектар жайылымдық жер бар, ал қожалықтың иелігінде бірде-бір мал жоқ. Осындай мысалдар көп. Бұған кім жауап береді? — деп облыс басшысы Талас, Шу мен Қордай аудандарының бірнеше ауылдық округ әкімдерінен онлайн режімде мәлімет сұрады.

Өкінішке орай ауыл әкімдері өз округіне жауапты елді мекендегі шаруа қожалықтардың малы бар-жоғын білмейтін болып шықты. Ешқайсысы мандытып нақты жауап бере алмады. Ал облыс әкімі «бірде-бір малы жоқ адамдарға жүздеген гектар жайылымдық жерді қалай рәсімдеп жүрсіңдер. Ұят деген болу керек қой. Ревизия жүргізіп, игерілмей жатқан жайылымдарды мемлекет қорына тапсыру керек», деп ескертті.

— Біз ревизианы бекерден бекер жүргізіліп отырған жоқпыз. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасы. Жиында айтылған кемшіліктер орнына келтірілуі керек. Ең негізгісі біз барлық жерді нақтылауға тиіспіз. Бір гектар болса да мемлекет қорына қайтарылып, ел игілігіне берілуі тиіс. Сөйтіп ауыл жанындағы жайылымды кеңейтіп, халықтың мал ұстауына, мал басын көбейтуіне жағдай жасауға міндеттіміз. Сондықтан аудан əкімдері мен ауыл əкімдері жұмыс істеу керек. Жұмыс тобының қызметін жандандырып, тез арада пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет қорына қайтару қажет, — дей келіп Бердібек Сапарбаев аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларына облыстық және аудандық прокуратура өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Байзақ ауданында ауқымды экологиялық тазарту жұмыстары өтті

Т.Рысқұлов ауданындағы экологиялық жұмыстар жаңа белеске шықты

09.11.2026, 19:04
Жамбыл облысы инвестиция тартудан республикада көш бастап тұр

Жамбыл облысы инвестиция тартудан республикада көш бастап тұр

09.11.2026, 16:56
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

09.11.2026, 16:42
Мойынқұмның Жамбыл ауылының жаңа әкімі таныстырылды

Мойынқұмның Жамбыл ауылының жаңа әкімі таныстырылды

09.11.2026, 16:26
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалда бағдарламасы

09.11.2026, 19:11

Т.Рысқұлов ауданындағы экологиялық жұмыстар жаңа белеске шықты

09.11.2026, 19:04

Жамбыл облысында табиғатты қорғау ісі жаңа деңгейге көтерілді

09.11.2026, 18:57

Бакытжан Калымбетов ауыл экономикасы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту туралы

09.11.2026, 18:12

«Құқықтық қолдау мен кәсіпкерлікті дамыту – ауылдың тұрақты дамуының негізі!» – Дархан Асанбеков

09.11.2026, 17:32

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.