• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
24.11.2026, 17:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ержүрек ерлердің еңбегі ескерілді

turan_admin turan_admin
30.08.2021, 22:26
Облыс жаңалықтары
Ержүрек ерлердің еңбегі ескерілді
95
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Байзақ ауданында орын алған өрт пен жарылыстан қаза тапқан әскери қызметкерлердің жақындары мен туыстарына мемлекеттік наградалар табысталды. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі қатысты.

Алдымен жиынға қатысушылар апаттан қаза болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиында сөз алған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев: «Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған марқұмдардың отбасына көңіл айту жеделхатын жіберді. Бұл жағдайды әрбір қазақстандық орны толмас өкініш ретінде қабылдап, өздерінің қазаға ортақ екендіктерін білдіруде. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 28 тамыздағы №210 өкімімен 29 тамыз жалпыұлттық Аза тұту күні болып жарияланды.

Күні кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректгі мен жанқиярлығы» үшін Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар дөпартаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы қаулығы қол қойды. Ерлікпен қаза тапқан азаматтардың әрқайсысы марапатқа лайықты, – деді Б.Сапарбаев.

Мемлекеттік награда марқұмның ұлына табысталды.

– Ұлымның құрметіне ескерткіш қойғаны дұрыс. Кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болары анық. Ұл-қыздары әкесінің ерлігін мақтан тұтады. Ендігі артында қалған ұрпағы аман болсын! – дейді Мейіржан Аймановтың анасы.

Жиын барысында өңір басшысы «Халық қаһарманы» Мейіржан Амановтың құрметіне ескерткіш қойылатын айтты.

– Ерлікпен қаза тапқан азаматтар мәңгі жадымызда. Бауырым  Мейіржанның еңбегін жоғары бағалап, «Халық қаһарманы» атағын беріп отыр. Осы тұста Мемлекет басшысына алғыс айтамыз. Бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, – деді марқұмның бауыры.

Сонымен қатар Бердібек Машбекұлы, ҚР Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасына барып, төтенше жағдай кезінде қаза болған №28349 әскери бөлімінің ведомстволық күзет командасының атқышы Оразбек Дәлібаевтың жары мен ұлына III дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды.

– Әкем әрдайым Отан алдындағы міндетін ең бірінші орынға қоятын еді. Күні кеше орын алған жарылыс кезінде де алдыңғы қатардан табылып, басын бәйгеге тікті. Елін, жерін шын жүрегімен сүйетін әрбір азамат солай жасайды деп ойлаймын. Сондықтан әкемді әрдайым мақтан тұтамын. Бала кезімнен әкеме ұқсап өсіп, әскери сала қызметкері болуды қаладым. Бүгінгі таңда Атырау қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде қызмет атқарамын. Болашақта әкемнің жолын жалғап, елімнің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек еткім келеді, – деген Жандос Оразбекұлы әкесінің ерен еңбегін бағалаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, облыс әкіміне алғысын білдірді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: АйбынЖамбылНаградаТаразХалық қаһарманы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауызсу, газ, жол және ауыл тазалығы Амалбек Бейбіттің сайлауалды бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:58

Ветеринар маман Амалбек Бейбіт ауыл шаруашылығын дамыту және мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру мәселесін көтермек

24.11.2026, 14:57

Жастардың шығармашылық бастамалары мен ұлттық спортты дамыту Заида Рысқұлованың бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:56

Заида Рысқұлова ауылдық мәдениет үйлерінің жұмысын жандандыруды ұсынды

24.11.2026, 14:55

Қуаныш Заурбеков ауыл жолдарын жөндеу, ауызсу және көше жарығы мәселелерін көтермек

24.11.2026, 14:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.