• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Ербол Қарашөкеев: Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты талап

Ауа-райының қолайсыздығына қатысты кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Қандай да бір мәселе болса, жасырмай ашық айтып, талқылап, шешу жолдарын қарастыру – маңызды.

28.02.2024
0
Ербол Қарашөкеев: Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты талап
78
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары пысықталған облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев осылай деп, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

— Облыстың су тасқыны қаупі бар аумақтарда барлық алдын-алу шаралары дер кезінде атқарылуы тиіс. Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты талап.  Өткен жылы желтоқсан айында орын алған жағдай бізге сабақ болуы керек. Тиісті алгоритм бойынша жауаптылар өз міндерін жіті білуі тиіс. Сөз жүзінде емес, нақты іс жүзінде нәтиже қажет,-деді облыс әкімі.

Басқосуда баяндама жасаған олыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Руслан Орынбековтің айтуынша, 34 елді мекеннен су басу қаупі алынып, 2 елді мекенге төнген қауіп барынша төмендетілген.

Сондай-ақ облыс аумағында су тасқыны жағдайының күрделенуіне жедел ден қою мақсатында 1459 адамнан тұратын авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдар топтамасы құрылған. Оларға 364 арнайы техника берілген. Бұдан бөлек, 396 қабылдау пункті, 6900 тонна инертті материалдар мен 16 140 тонна жанар-жағармай қоры дайындалған.

Жалпы, су тасқыны кезеңіне дайындық «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының болжамды деректері ескеріле отырып,  талдау жасалады.

Жалпы, облыс бойынша 1739 шақырым канал, 1794 шақырым арық, 428 шақырым дренаж жүйесі мен 946 су өткізгіш нысандар тазартылды.

Басқосу барысында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев су қоймаларының тасқын суларды қабылдауға және жинақтауға дайындығы жөнінде баяндады.

Ербол Қарашөкеев мол жауын-шашынның су басу ықтималдығын арттырғанын атап өтіп, су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізуді жүктеді.

Аймақ басшысы жауаптыларға Тасөткел су қоймасын жаңғырту барысы мен Талас өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын қатаң бақылауды, су қоймаларын мен оған жақын елді мекендерге халықты хабардар ету жүйесін орнатуды тапсырды. Сондай-ақ арнайы техникалардың дайындығын тексеруді, су басу қаупі бар аудандарда күштер мен құралдардың қосымша резервтік топтарын әзірлеуді міндеттеді.

Тегтер: ӘкімдікЕрбол Қарашөкеевқауіпсіздік

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты