• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ең құнды тәсбих қандай?

turan_admin turan_admin
08.05.2021, 23:51
Азаматтық қоғам институттары
Ең құнды тәсбих қандай?
698
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сұрақ: Ең құнды тәсбих, яғни зікір қандай?

Жауап: Ең құнды тәсбих – намаздан кейін оқылатын Субханаллаһ, Әлхамдулиллаһ және Аллаһу әкбар.

Бұл тәсбихтерден кейін ең құнды тәсбих және зікір – Лә илаһа иллаллаһ деп айту.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ең үстем тәсбих – Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар.» (Мүслим)

«Лә илаһа иллаллаһ деп айту 99 бәлені қайтарады, ең төмені қиыншылық.» (И.Асакир)

«Тәмжид, яғни Лә хаула уә лә қууата илла биллаһ 99 дертке дауа. Олардың ең жеңілі қиыншылық.» (Хаким)

«Зікірде «Лә илаһа иллаллаһ»-тан абзалы жоқ.» (Табарани)

«Зікірдің абзалы Лә илаһа иллаллаһ, ал дұғаның абзалы Әлхамдулиллаһ.» (Тирмизи)

«Аллаһ алдында ең қадірлі сөз – Субханаллаһи уә бихамдиһи.» (Мүслим)

««Субханаллаһ» деп айтқан адам Ухудтан да үлкен сауапқа қауышады. «Лә илаһа иллаллаһ» және «Аллаһу әкбар» деп айту да осындай.» (Бәйһақи)

«Түнгі ғибадат жасау қиын болған, қайырымдылыққа мал-мүлік жұмсай алмаған немесе дұшпанмен соғысуға қорққан адам көп «Субханаллаһи уә бихамдиһи» деп айтсын. Бұл Аллаһ жолында жұмсайтын бір алтын таудан да құнды.» (Табарани)

«Қиын жағдайға тап болған кісі «Бисмиллаһиррахманиррахим уә лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм» десе, Аллаһу та’ала оны әр түрлі бәле-жала мен қиыншылықтан қорғайды.» (Дәйләми)

«Жәннат қазынасы болған «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар, уә лә хаула уә лә қууата илла биллаһ» деп тұрақты айтып жүрген адамның ағаштан жапырақ төгілгендей күнәлары төгіледі.» (Рамуз)

«Айтылуы жеңіл (оңай), таразыда ауыр және кешіруші Аллаһ алдында ең құнды екі сөйлем: Субханаллаһи уә бихамдиһи, Субханаллаһил азыйм.» (Мүслим)

«Мына бес сөзді ауыздарыңнан түсірмеңдер: Субханаллаһ, Әлхамдулиллаһ, Аллаһу әкбар, Лә илаһа иллаллаһ және Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ.» (Табарани)

«Аллаһу та’аланың дәргейінде тәкбірі, тахмиді, тәсбихы және тәһлилі себебімен мұсылман болып қартайған мүминнен абзалырақ басқа ешкім жоқ.» (И.Ахмед)

(Тәкбір – Аллаһу әкбар,

Тахмид – Әлхамдулиллаһ,

Тәсбих – Субханаллаһ,

Тәһлил – Лә илаһа иллаллаһ,

Тәмжид – Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ деген сөз.)

Құран кәрімде Бақият-ус-салихат (тұрақты қалған жақсы амалдар) тіркесі өткен. Расулуллаһ айтты: «Бақият-ус-салихатты көп айтыңдар. Олар: тәсбих, тәһлил, тахмид, тәкбір және тәмжид.» (Табарани)

Әр түнде жатарда жүз рет «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар» деп оқыған адам жүз рет тәсбих, тахмид және тәкбір айтқан болады. Осылайша өз-өзін есепке тартқан болып саналады.

Кімде-кім «Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар уә лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм» десе, әрі тәсбих (субханаллаһ), әрі тәкбір (Аллаһу әкбар), әрі тахмид (хамд), әрі тәһлил (Лә илаһа иллаллаһ), әрі тәмжид (Лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм) айту арқылы ең құнды тәсбихті оқыған болады.

Зүл-жәлал уәл-икрам

Құран кәрімде былай делінеді:

«Тек қана жәлал және икрам иесі Раббыңның заты мәңгі қалады.» (Рахман 27)

«Жәлал және икрам иесі Раббыңның есімі аса ұлы.» (Рахман 78)

(Жәлал – Аллаһу та’аланың азаптаушы және ашу сипаттарынан, ұлылық, ештеңеге мұқтаж болмау деген сөз.)

Аяти каримада өткен зүл-жәлал уәл-икрам тіркесінің исми ағзамнан екендігі білдірілген. Осы себептен әсіресе дұғаларда мұны көп айту керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам біреудің «Йа зәл-жәлали уәл-икрам» деп дұға еткенін естіген кезде «Аллаһтан не тілесең де сұра, дұғаң қабыл болады» деді. (Тирмизи)

Басқа бір хадис шәрифте:

«Йа зәл-жәлали уәл-икрамды көп айтыңдар, оны үнемі айтып жүріңдер» делінген. (Тирмизи)

ДЕРЕККӨЗ: https://www.islamdini.kz/articles/2143

Тегтер: Дұғалар
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.