• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Діни келісім – тұрақтылық кепілі

Жамбыл облысында дін саласында 2024 жылы атқарылып жатырған жұмыстар аз емес. Оның ішінде басымдықтар жаһанды шарпыған діни экстремизм мен терроризмнің кез келген көріністеріне қарсы алдын алу шаралары, мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты орнатып, конфессиялар арасындағы өзара келісім әрекеттестігін дамыту, ел Конституциясында белгіленген зайырлылық қағидатының сақталуын қамтамасыз ету.

turan_admin turan_admin
13.04.2024, 22:22
Азаматтық қоғам институттары
Діни келісім – тұрақтылық кепілі
80
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бас маманы Самғат МУТАНОВПЕН тілдестік.

Өңірде мемлекеттік тіркеуден өткен діни бірлестіктер мен филиалдардың саны – 388. Өткен жылы олардың саны 379 болған. Діни бірлестіктердің өсімі жаңа ашылып жатқан мешіттердің есебінен көбейіп отыр. 2023 жылдың аяғында облыста 333 мешіт болса, бүгінгі күнге мешіттердің саны 342.

— Жалпы, өңірдегі мешіттерде арнайы бұйрықпен 455 діни қызметкер қызмет атқаруда. Оның ішінде, жоғары білімді имамдар 20,6%-ды (94 имам), орта білімділер (медресе) 25,9%-ды (118 имам), ал сауат ашу курстарын бітірген діни қызметкерлер 53,5%-ды (243 имам) құрап отыр. Облыстағы 342 мешіттің ішінде 20 мешітте ресми бекітілген имамдар жоқ. Қазіргі уақытқа облыста 18 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Облыс бойынша мешіттерге жұма намаздарына келуші жамағаттың саны 37 мыңнан астам болса, күнделікті мешітке келушілердің саны 6 мыңнан астам адамды құрайды, — дейді Самғат Маратұлы.

Аймақта мемлекеттік тіркеуден өткен христиандық діни бірлестіктер мен филиалдар саны – 46. Христиандық бағыттағы шіркеулерге келушілердің саны шамамен 3,8 мың адамды құрайды. 22 желтоқсан — 7 қаңтар күндері өтетін «Рождество Христово» діни мерекесі, 9-15 сәуір аралығында өтетін «Пасха» діни мерекесінде облыс аумағында қызмет атқарып отырған христиан бағытындағы діни бірлестіктерде өтетін діни уағыздарына қатысып, зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, 2015 жылдан бастап басқарма жанынан облыстағы діни бірлестіктер басшыларының клубы қызметі құрылып, жұмысын жүргізуде. Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен діндерді ұстанушылар арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту.

— Клуб отырысы аясында «Алғыс айту күні», «Наурыз мерекесі», «Конституция күні», «Рухани келісім күні», «Тәуелсіздік күні» сияқты атаулы даталарға орай діни бірлестік басшыларының қатысуымен «TedX talks», «дөңгелек үстел» форматтарында мәдени, спорттық және тағы басқа іс-шаралар мен тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылып тұрады, — деп айтты Мутанов.

Қазіргі таңда облыста миссионерлердің саны 6. Олардың төртеуі Оңтүстік Кореядан, біреуі Италиядан, тағы біреуі Польшадан. Аталған азаматтардың төртеуі Рим-Католик шіркеуінде, екеуі пресвитериандық шіркеулерде діни қызметпен айналысады. Аталған азаматтардың жыл сайын тіркеуден өтуі тұрақты бақылауда.

Намазханалар мен құлшылық үйлерінің саны – 41. Рухани (діни) білім беру ұйымдары қатарында жұмыс атқаратын «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде бүгінде 74 шәкірт білім алуда.

— Облыста құрамы 125 мүшеден тұратын дін саласындағы 17 ақпараттық-түсіндіру топтары (1 облыстық, 6 қалалық, 10 аудандық) жұмыс жасайды. Осы жылдың басынан ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерімен офлайн форматта 857 іс-шара өткізіліп, оған 27 мыңнан астам мақсатты топ өкілдері қамтылды. Жыл басынан «Талдамалық интернет карта» бағдарламасы арқылы әлеуметтік желілердегі деструктивті діни топтардан 1347 облыс тұрғыны шығарылды. «Кибербақылау» бағдарламасы арқылы интернет желілерінде 1911 күдікті парақша анықталып, сараптамаға жолданылды. Жастар көп пайдалатын Instagram, Facebook, Telegram, V kontakte, Tik tok сияқты әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері арқылы «жастардың тілімен» айтқанда «жаңа трендтер» бойынша деструктивті діни контенттерге қарсы баламалы дүниелер әзірленіп жариялануда. Осы мақсатта, Дін проблемаларын зерттеу орталығының жанында ашылған «Студияның» техникалық базасын жаңартып, «Подкаст» бейнеөнімдер түсіру басталды. Арнайы «Студия» арқылы ұзақ форматта 4 бейнеөнім, reels форматында 85 бейнеөнім түсіріліп, «Әулие ата» және «ruQh» жобалары аясында ютуб видеохостингі мен әлеуметтік желілерге орналастырылды, — түсіндірді спикер.

Жамбыл облысынан «Нұр-Мүбәрак» университетінде 136 студент білім алуда. Бұдан бөлек, дінтану, исламтану және теология мамандықтары бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде — 15, Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде — 11 және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде — 3 студент оқуда. Биылғы оқу жылы аталған оқу орындарын 32 түлек бітіргелі отыр. Олардың барлығымен жеке жеке байланыс орнатылып, өңірге жұмысқа тарту бойынша жұмыстар атқарылуда.

Теолог мамандар мен мешіт имамдарынан (21 адам) құралған арнайы топ құрылып, ҚАЖД мекемелерінде сотталушы азаматтар арасында қоғамға бейімдеу жұмыстарын жүргізуде. 2024 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде үш сотталушы қоғамға бейімделді.

Деструктивті діни ағымдар идеологиясынан зардап шеккендер арасында қоғамға бейімдеу жұмыстары бір жолға қойылған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде биыл деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен 25 азамат қазақстандық қоғам, 21 азамат дәстүрлі ислам құндылықтарына бейімделді. Деструктивті діни ағым ұстанушыларының бөлінген ортасы бойынша облыстық дін істері басқармасы тарапынан тиісті профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек, түзеу мекемелеріндегі діни экстремизм баптарымен сотталғандар мен жалпы дінге сенушілер және «Жусан» операциясы аясында оралған әйелдер мен балалар жұмыстар жасалуда.

— Діни қызмет саласында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында да құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік және зерделеу шаралары тұрақты өткізіліп тұрады. Бұл жерде, белгіленбеген орында діни іс-шаралар өткізу, діни әдебиеттер мен материалдар тарату, заңды діни қызметке кедергі келтіру, заңсыз миссионерлік әрекет пен діни курс ұйымдастыру, деструктивті діни контенттерді әлеуметтік желілерде тарату сияқты Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына қайшы әрекеттерді анықтау шаралары кіреді. 2024 жылы діни қызмет саласында құқық бұзған 14 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп мәлімдеді басқарма өкілі.

Айжан АУЕЛБЕКОВА

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Діни келісім – тұрақтылық кепілі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.