• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды

Елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енді.

Turan Redaktor Turan Redaktor
13.02.2026, 10:12
Қазақстан жаңалықтары
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Коалициясы құрылды
41
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Отырысқа қатысушылар Жаңа Конституция жобасы саяси жүйе архитектурасын қоғамның жаңа сұранысына сай түбегейлі қайта жаңғыртатынын атап өтті. Бұл биліктің барлық тармағының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Мәжіліс Спикері, Жалпыұлттық Коалиция Жетекшісі Ерлан Қошанов атап өткендей, Жаңа Конституция – шын мәнінде тарихи құжат. Онда ең алдымен адамға басымдық беріліп, мемлекеттің басты байлығы жер қойнауындағы ресурстар емес, білімді жас ұрпақ екені айқындалды. Бұл – Президент қолға алған ауқымды өзгерістердің алтын арқауы. Енді ол ең жоғары конституциялық деңгейде бекітілуде.

«Қазақстанның жаңа Конституциясы – осы іргелі реформалардың шырқау шыңы. Бұл – Президентіміздің жылдар бойғы ой-толғамдарының жемісі. Халықтың мұң-мұқтажы, талап-тілегі мен үміт-сенімі ұштасқан тарихи құжат. Сондықтан Жаңа Конституция халықпен бірге жазылған – нағыз Халықтық Конституция деуге толық негіз бар. Біз келер ұрпаққа әр азамат мақтан тұтатын, Өркендеген, Әділетті Қазақстанды қалдыруымыз керек. Бәрімізді біріктіретін осы асқақ арман. Сол арманға – Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанға Президентімізбен бірге жетейік», – деді ол.

Өз сөзінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституцияның маңызына тоқталды:

«Қазақстан болашақта азаматтары білімді, ғылымды меңгерген, инновацияға арқа сүйеген, технологиясы дамыған елдердің қатарында болуға ұмтылатынын байқатты. Сондықтан, бұл елдің өркендеуіне жаңа серпін беретін Конституция», – деді ол.

Сондай-ақ отырыс барысында «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының Төрағасы Азат Перуашев, «Respublica» партиясының Төрағасы Айдарбек Қожаназаров, Мәжілістегі Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров, Үнзила Шапақ және Сергей Пономарев сөз сөйледі.

Сонымен қатар «АгромашХолдингKZ» АҚ Президенті Динара Шүкіжанова, Республикалық адвокаттар алқасының Төрағасы Мәди Мырзағараев, саясаттанушы Марат Шибұтов, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Президенті Рауан Кенжеханұлы өз ұстанымдарымен бөлісті.

Кездесуге қатысушылар Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылымды, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарға толық сәйкес келетінін атап өтті.

Сонымен қатар мемлекет институционалдық өзгерістер жолында маңызды кезеңнен өткені атап өтілді: «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы нығаюда, Конституциялық Сот жұмыс істеуде, заңсыз шығарылған активтер мемлекетке қайтарылуда, ұлттық ресурстарды әділ бөлу қағидаты күшейтілуде. Бұл барлық шешім әділдік, теңдік және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік құндылықтарына негізделді.

Жаңа Негізгі заң қоғамдағы терең өзгерістер мен дүниетанымы жаңарған, мемлекетке жоғары талап қоятын жаңа буынның қалыптасуына жауап ретінде қабылданғаны атап өтілді. Осы үміттердің өзегінде адалдыққа, заң үстемдігіне, адамның қадір-қасиетіне деген құрметке және адам құқығына кепілдік беруге деген сұраныс жатыр. Жаңа Конституция осы қоғамдық талаптарға айқын әрі нақты жауап береді.

Сондай-ақ Негізгі заң жобасы қоғаммен ашық әрі ауқымды диалог аясында әзірленгені айтылды. Конституциялық комиссия жұмысы жария түрде, тікелей эфирде және тұрақты кері байланыс орната отырып жүргізілді. Осы уақыт аралығында азаматтардан, сарапшылардан, кәсіби қауымдастықтардан және түрлі сала өкілдерінен 10 мың ұсыныс пен өтініш келіп түсті. Олардың әрқайсысы құжатты әзірлеу барысында қаралып, ескеріліп отырды.

Сөз сөйлеген барша азамат осы шешуші кезеңде Жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызын қалың жұртшылық арасында ілгерілету үшін қоғамдағы жетекші күштерді біріктірудің маңызын атап өтті.

Коалиция құрамына саяси партиялардың орталық және өңірлік құрылымдары, республикалық қоғамдық бірлестіктер, Парламент және мәслихат депутаттары, ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, кәсіподақ ұйымдары, салалық қауымдастықтар мен жастар бірлестіктері кірді.

Жуырда Коалиция мүшелері өңірлерде түсіндіру жұмысын бастайды. Алдағы референдум қарсаңында ашық диалог пен азаматтардың саналы түрде қатысуын қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұжымдарымен, сарапшылар қауымымен және тұрғындармен кездесу өткізу жоспарланып отыр. Соның ішінде шалғай елді мекендер де назардан тыс қалмайды. Себебі әрбір қазақстандық азаматтың дауысы аса маңызды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.