• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Дұға босқа кетпейді

turan_admin turan_admin
08.05.2021, 23:29
Азаматтық қоғам институттары
Намаздан кейінгі дұға және тәсбих
478
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сұрақ: Аллаһу та’ала Мүмин сүресінің 60-аятында «Дұға етіңдер, қабыл етейін» деген. Бірақ, менің дұғаларым босқа кетіп жатыр. Мұның себебі не болуы мүмкін?

Жауап: Ешқандай дұға босқа кетпейді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Раббыларың әлбетте хая (ұяттылық) және ұлылық иесі. Құлдары алақан жайып бірнәрсе тілегенде, олардың қолдарын бос қайтарудан ұялады.» (Тирмизи, Әбу Дауд)

«Аллаһу та’ала былай деп бұйырды: Ей адам баласы, маған серік қоспай құлшылық етсең, істеген амалыңның сияпатын беремін. Дұға ету сенен, қабыл етіп, беру Менен.» (Табарани)

Аллаһу та’ала: «Дұғаларыңды қабыл етемін, қолдарыңды бос қайтармаймын» деп бұйырған. Демек, біздің тілеген дұғаларымыз босқа кетпейді. Кітаптарда былай делінеді: Дұғаның арқасында күнәлар кешіріледі немесе бір бәленің алды алынады немесе келген бәле кетеді немесе ақыретте мол сауапқа қауышылады. (Шира)

Демек, дұғаның арқасында күнәларымыз кешіріледі, келетін бір ауру, бәле-жала бар болса, қайтарылады, келген бәле немесе дертіміз болса, олар кетеді немесе мол сауапқа қауышады екенбіз.  Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дұға еткен адам үш нәрседен құр қалмайды: Күнәсі кешіріледі немесе дұғасының қайырлы нәтижесін (сияпатын) көреді немесе ақыретте марапатқа ие болады.» (Дәйләми)

«Құл бір рет дұға еткенде, тілеген нәрсесі орындалмаса оған бір хасәнә (сауап) жазылады.» (Дара Қутни)

Дұғаның кешігетіні де болады. Оның да хикметтері бар. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Мұсылман дұға еткен кезде Аллаһу та’ала Жәбрейіл алейһиссаламаға: “Тілегенін дереу орындама, мен оның даусын жақсы көремін” деп бұйырады. Күнәһар дұға еткенде: “Бұның тілегін дереу орында, мен оның даусын жек көремін” деп бұйырады.» (Ибн Нәжжар)

Аллаһу та’ала дұғаның орындалуын кешіктірсе, көп ниғмет береді деген сөз. Сондықтан асығыстап “Неге дұғам қабыл болмай жатыр” демеу керек. Бір хадис шәрифте де былай делінген:

«Күнә болған нәрсе үшін және туыстық ара-қатынастың үзілуі үшін дұға етпейінше немесе асығып “Дұға еттім, бірақ қабыл болмады” демегенше жасалған дұға қабыл болады.» (Мүслим)

 

ДЕРЕККӨЗ: https://www.islamdini.kz/articles/552

Тегтер: ДұғаДұғалар
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.