• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Болашақта бард стилі жойылып кете ме деп қорқамын» – Тәуірбек Бозекенов

turan_admin turan_admin
20.08.2021, 18:13
Азаматтық қоғам институттары
«Болашақта бард стилі жойылып кете ме деп қорқамын» – Тәуірбек Бозекенов
236
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету – бүгінгі бір парызымыз. Тәуелсіздік алған жылдардан бері жастар арасында бард стилін, соның ішінде Табылды Досымовтың әндерін насихаттап жүрген Тәуірбек Бозекенов жайлы білеміз бе? Оның жетістік жолы қандай?

Атыраулық Тәуірбек Бозекенов республикалық телеарналарда біраз жыл қызмет атқарып, қазір туған жерінде тұғырын нықтап, журналист болып жүрсе де қолынан гитарасын тастамай, бард стилін шама-шарқы келгенше насихаттап жүрген жастардың бірі де бірегейі.

Негізі гитарамен ән айту дәстүрі соңғы кездері жоғалып бара жатыр. Қазіргі таңда біраз жастар бар аулада, жатақханалардың алдында гитарасын сабалап эстрадалық әндерді айтып жүрген. Бірақ оны гитарамен ән айту дәстүріне толыққанды кіргізуге болмайды, оны көше әні деп қарастырады. Ол бөлек жанр боп есептеледі, — дейді.

Тәуірбек қазақ жеріндегі гитарамен ән айту дәстүрін де зерттеп көрген. Өзі ойша 4 мектепке бөліп қарастырады.

Ең бірінші мектеп – Семей өңірінің мықты гитарашысы, қазақтың дәстүрлі әндерін гитараға салып орындағанда шеберлігіне шет қараған адам да таңдай қақпай тұра алмайтын Мақсұтхан Диханбаевтың мектебі. Оның шәкірттері бард стилінде ән жазып, шырқап жүрген елге танымал Қадырғали Көбентай мен Ершат Қайырхандар. Одан кейінгі екінші мектеп – 12 ішекті гитарада шертіп орындау дәстүрін алып келген Қарағанды өңірінен шыққан Қорабай Есеновтың мектебі. Оның шәкірті Сейіл Аяған деген кісілер. Үшінші мектеп – Батыс өңірінен шыққан, лиро-бард стилін қалыптастырған Табылды Досымовтың мектебі. Төртіншісі – эстрадада гитарамен ән айту мектебін енгізген, алты ішектің арланы атанған Зәмзәм Дәуітов. Оның шәкірті қазаққа кеңінен танымал Нұрлан Өнербаев. Гитарада ән шырқау дәстүріндегі негізгі осы 4 мектеп бар, — дейді.

Тәуірбек бүгін де гитараға деген құрметін жоғалтпаған және кез келген жерде Табылдының әндерін насихаттап, бард стилін түсіндіруден жалыққан емес.

Өзім бағана атап өткен 4 мектептің ішінде рухани ұстазым болған, бір жағы жерлесім Табылды Досымовтың мектебінен сусындадым. Өзімше Табылдыға еліктеп студент кездерде әндер де шығардым. Бір қызық оқиға айтайын, ауылда жүргенде Табылды Досымов бард әнші деп емес клубта істейтін үлкен, біз жақта нән дейді, сол нән ағай дейтінбіз. Кейін Алматы қаласына ҚазҰУ-ға оқуға түскен жылдары қолыма гитара алдырған Табылды Досымовтың қазасы еді. Бір түнде 3 әнін үйреніп алдым. Содан бері насихаттауымды үзген емеспін, — дейді.

Бүгінде қазақ эстрадасындағы біршама әншілер Табылды Досымовтың әндерін шырқап жүр, яғни әндері эстрадаға бейімделіп келеді. Әйтсе де, Тәуірбек Бозекенов бард стилін эстрадаға алып келу дұрыс емес деп қарсылығын білдірді.

Болашақта бард стилі жойылып кете ме деп қорқамын. Себебі, қазір Табылды әндері біртіндеп эстрадаға икемделіп келеді. Ол деген — бард стилі мүлде жойылды деген сөз. Жалпы кез келген жанрға кәсіби музыканттар құрметпен қарауы тиіс деп есептер едім. Құрмет болмағаны сол, ойы бар бард стиліндегі әнді эстрадаға алып келіп ойнақы ғып жіберген. Әр жанр өз ерекшелігімен мықты, бірін-біріне қосып, екіншісін өлтіруге мүлде болмайды. Егер автор өз рұқсатын берсе онда әңгімем жоқ, ал өз бетінше икемдей берсек ішкі толғаныс пен рухын құртып тастаған болар едік, — сөзін түйіндеді.

«Тәуірбек студент кезінен гитарасын арқалап алып, айналасын әнге бөлеп жүргенді жақсы көретін. Артынан біраз ізбасарлары гитараға әуестеніп, Табылдының, тіпті Тәуірбектің әндерін жаппай орындай бастады. Кейінгі оқуға түскен ізденушілер де сол әндерді анда-санда өз орталарында айтып жүргенін байқап қаламын. Кезінде Табылдының өзі ҚазҰУ қалашығында студент жастар арасында кеңінен танылып, қаншама естеліктерді әнімен арқалатып кетті. Сол сияқты Тәуірбек те өз буынының барды атанды. Қай салаға салсаң да салғырттық танытпайтын шәкіртімнің қазақтың мұңын, қазақтың жүгін арқалайтынына сенемін, оны дәлелдеп те жүр» — дейді студент кезіндегі ұстазы Жолдасбек Мәмбетов.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/66034/

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.