• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Бес күн ішінде Шымкенттен көшіп кеттім»: Солтүстікке келіп, лауазымды қызметке тұрған маман жайлы не білеміз?

turan_admin turan_admin
04.09.2021, 13:19
Азаматтық қоғам институттары, Қоғам
«Бес күн ішінде Шымкенттен көшіп кеттім»: Солтүстікке келіп, лауазымды қызметке тұрған маман жайлы не білеміз?
173
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Шымкент қаласының тумасы Жасқанат Дүйсеновтің оқиғасы көпшілікті қызықтырары анық. Оңтүстік өңірде дүниеге келген ол күтпеген жерден солтүстікке көшіп, өзіне лауазымды қызмет, жақсы орта тауып үлгерді. KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат берген жас маман замандастарын батыл болуға, өмірде күтпеген өзгерістер жасаудан қорықпауға шақырды.

«Өзім Шымкент қаласында дүниеге келдім. 2009 жылы Тараз қаласындағы ЖОО-ға түсіп, сәулетшілік мамандығын алып шықтым. Әрине, оқу бітіріп, қолына дипломын алған әрбір жас өзіне ыңғайлы жұмыс іздейді. Ал жұмыс әрқашан табыла бермейді, табылса да, араға адам салып, таныс іздейтін жағдай арамызда көп кездеседі. Мен де жұмыс іздеп туған қалама оралдым. Алдымен қалалық әкімдікте іс жүргізу инспекторы болдым, кейін кәсіпкерлікті қолдау, архитектура бөлімдерінде маман, бас маман қызметтерін атқардым. Бірақ әрі қарай өсу, кәсіби қызметте өрлеудің қиын екенін түсіндім. Өйткені, Шымкент еліміздегі адам көп шоғырланған аймақ. Бәсекелестік көп. Өзіңе ұнайтын жұмыс табу қиын. Бірде ғаламтордан жұмыс іздеп отырдым да, Ақмола облысының Бурабай ауданында бос жұмыс орны бар екенін білдім. Ойымда ештеңе жоқ, резюме жіберіп қойғанмын. Араға 1-2 күн салып мені әңгімелесуге шақырды. Шыны керек, күткен жоқпын», — дейді ол.

Тиісті мекеме жауап берді Жасқанат көп ойланбастан Ақмола облысына аттанып, басшылықен әңгімелесуге жол тартады. «Ақмола облысының Бурабай ауданына барып, бөлім басшысының орынбасары қызметіне тұру үшін әңгімелесуден өттім, эссе жаздым. Бәрін тапсырып, бір күн ішінде Шымкентке ұшып келдім. Өйткені, жұмыстан бір күнге ғана рұқсат алған едім. Әңгімелесуден кейін екі күн өткенде маған Ақмола облысынан қайта хабарласып, менің қызметке хабарланғанымды айтты. Тезірек жұмысқа шығуымды өтінді. Қуанышымда шек болған жоқ. Таңданысымды да жасыра алмадым. Осылайша, ешқандай таныссыз-ақ жұмысқа тұруға болатынына көзім жетті. Көп ойланған жоқпын. Бұл ұсынысты қабылдап, бас-аяғы бес күннің ішінде солтүстікке көшіп кеттім», — дейді Жасқанат.

Шымкенттік азаматтың айтуынша, еліміздің солтүстік өңірлерінде жастарға берілетін мүмкіндік көп. Тек, жас мамандар өз қорқынышын жеңіп, басқа аймаққа барғанда далада қаламын деген ойдан ада болуы тиіс.

Асхат Аймағамбетов мектепке пара беріп жұмысқа орналасуға қатысты пікір білдірді «Біздегі жастарда, қатарластарымда қорқыныш көп. Ешкім өзінің жылы орнынан кеткісі келмейді. Ал тәуекел ететін болсаң, алда күтетін өзгерістер, мүмкіндіктер өте көп. Соны пайдалану керек. Қаншама адам дипломы болса да жұмыс таба алмай жүр. Егер көбірек ізденсеңіз, жұмыс табатын мүмкіндік жетіп жатыр. Мысалы, Щучинск қаласына өзім келген жоқпын. Қасымда әйелім мен балам бар, олар үшін де жауапкершілік менің мойнымда екені анық. Келген соң бірден жалдамалы пәтер таптым.

Бұл менің алатын жалақымнан әлдеқайда төмен бағада еді. Қуанышқа қарай, жаңа орта мені жақсы қарсы алды. Арасында әзілдеп айтқаны болмаса, «шымкенттік» екенімді де көп қозғамайды. Солтүстік аймақта орыс тілінің үстемдік құрып тұрғаны рас қой. Мен көбіне қазақ тіліне басымдық бердім, қазір ұжымдастарым түгел қазақша сөйлейді. Басқа бөлімдер де қазақшаға көп көңіл бөлуде. Мен қандай да бір бағдарламаға қатыспай, өз еркіммен келдім. Ал жастарды оңтүстікен солтүстікке көшіру туралы бағдарламаларды әлі жетілдіру керек сияқты. Олардың шын мәнінде жерде қалмайтынын көшетін ойы бар халыққа жақсылап ұғындыру қажет. Бұл еліміздің солтүстік өңірлерін қазақыландыруға да көмегін тигізері сөзсіз», — дейді Жасқанат.

Қазіргі таңда Жасқанат Дүйсенов Бурабай аудандық «Архитектура және қала құрылысы» бөлімінде басшылық қызмет атқаруда.

Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» жобасы аясында әзірленді.

Дереккөз: https://kaz.nur.kz/society/1930414-bes-kun-isinde-symkentten-kosip-kettim-soltustikke-kelip-lauazymdy-qyzmetke-turgan-maman-zaily-ne-bilemiz/

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.