• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 18:39
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында табиғатты қорғау ісі жаңа деңгейге көтерілді

Жамбыл облысында «Мерке» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі ресми түрде ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Құрылтай депутаттары Әбілхайыр Тамабек пен Дәулет Кәрібек, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев қатысты.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
09.11.2026, 18:57
Қоғам
Жамбыл облысында табиғатты қорғау ісі жаңа деңгейге көтерілді
15
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 «Мерке» – Жамбыл облысында заңды тұлға мәртебесін алған алғашқы мемлекеттік өңірлік табиғи парк. Ол облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес құрылып, жалпы аумағы 83 713 гектарды қамтып отыр. Ерекше қорғалатын аумақтың басты міндеті – Меркі ауданының бірегей таулы экосистемаларын, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау, ғылыми зерттеулер жүргізу және экологиялық туризмді дамыту. Сонымен қатар бұл аймақ жойылып кету қаупі төнген қар барысының мекендеу орындары мен көші-қон жолдарын қорғауда айрықша мәнге ие.

Жиында атап өтілгендей, табиғат байлығын көздің қарашығындай сақтау және өскелең ұрпақта экологиялық мәдениетті қалыптастыру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі өзегі болып табылады. Қазірдің өзінде паркте 59 маман еңбек етіп, инфрақұрылым қарқынды дамуда, сондай-ақ жаңа әкімшілік ғимарат өз жұмысын бастады.

Министрлік өкілі Данияр Тұрғамбаев еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы көлемі 31,1 миллион гектарға немесе ел аумағының 11,4 пайызына жеткенін атап өтті. Жаңа статус аумақтың құқықтық қорғалуын күшейтіп, экотуризм арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бұл ауқымды жоба 2019 жылдан бері БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен қолға алынған болатын. Бүгінгі таңда бұл өңірде 100-ден астам өсімдік түрі мен 12 түрлі сирек жануар тіркелген. Атап айтқанда, мұнда 10 қар барысы, 158 арқар және 28 үнді дикобразы мекендейді. Алдағы уақытта штат санын 84 маманға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Шара барысында облыс орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға да баса назар аударылып, 15 «КамАЗ» өрт сөндіру автокөлігі мен 15 трактордың кілті салтанатты түрде табысталды. Бұл заманауи техникалар табиғи аумақтарды өрт қауіпсіздігінен қорғау жұмыстарының тиімділігін едәуір арттырады.

Салтанатты шара аясында экологиялық ағаш отырғызу акциясы өтіп, қонақтар парктің жаңа инфрақұрылымдық нысандарымен танысты және концерттік бағдарлама ұсынылды. «Мерке» табиғи паркінің құрылуы – еліміздің бай табиғи мұрасын келешек ұрпаққа аман-есен жеткізу жолындағы айтарлықтай үлес.

Тегтер: Жамбыл облысымеркі ауданыұлттық паркэкология
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

30.10.2026, 17:50
Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

28.10.2026, 11:20
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

11.11.2026, 12:46

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.