• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев «Геопартал» ақпараттық жүйесін құру ісін жеделдетуді тапсырды

turan_admin turan_admin
06.10.2021, 11:04
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев «Геопартал» ақпараттық жүйесін құру ісін жеделдетуді тапсырды
824
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен «Геопортал» ақпараттық жүйесін қалыптастыру мәселесі жөнінде кеңес өтті. Облыстың өңірлік геоақпараттық жүйесін құру сөз болған жиында Тараз қаласы мен облыстағы он ауданның жер учаскелері мен жер кезегі туралы ақпарат, инженерлік коммуникациялар, ғимараттар мен құрылыстар, көше-жол, инженерлік желі секілді маңызды мәліметтерді геоақпараттық порталға орналастыру мәселесі талқыланды.

– Жалпы қазіргі таңда облыс әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармалары арқылы 14 электронды қызмет көрсетіледі. Ол қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы жүргізіліп отыр. Бұл негізінен электрондық цифрлық «e-jambyl.kz» порталы арқылы жүргізілуі керек. Бірақ осы шаруаларды жүзеге асыру үшін кезінде берілген тапсырмалар орындалмай отыр, – деген облыс әкімі.

Белгілі болғандай геопартал жүйесін құрудағы істің алға жылжымауы тиісті министрліктердің арнайы ережелерді енгізуді кешеуілдетуі себеп болып отыр екен. Сондай-ақ геопартал жүйесін енгізу мәселесі Үкіметте арнайы қаралып жатқан көрінеді.

Басқосуда баяндама жасаған облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Абдешов бүгінде «Геопорталдың» негізгі «e-jambyl.kz» домендік атаумен платформаcы қалыптастырылып, онда бірыңғай талапқа сай барлық базалық гис-қабаттар енгізілгенін сөз етті.

– «Геопорталдың» негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – ол инженерлік жүйелерді цифрландыру. Бүгінде Тараз қаласы бойынша – 84,6 пайыз, ал аудан орталықтары бойынша – 83,3 пайыз инженерлік желілер өңделіп, басқармаға ұсынылды. Қалған деректер, бізден жоғары орталық орган тарапынан ұсынылмай отыр. Бұл бағытта басқарма тарапынан бірнеше хаттар жолданылып, аталған мәселе минстрліктермен өткен кеңестерде көтеріліп хаттамаға енгізілген болатын. Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығының мәліметіне сай, инженерлік желілерді өңдеу жұмыстарын аяқтау осы жылдың соңына жоспарланған,-деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы, қазіргі уақытта, «Геопорталдың» дайындығын есептеу әдістемесі негізінде өңірлік геоақпараттық жүйені әзірлеу жұмыстары 97,4 пайызды құрап, Республика деңгейінде 4 орында тұр. Аталған көрсеткіш инженерлік желілер толық өңделіп, цифрландырылғаннан кейін 100 пайызды құрайтын болады. «Геопортал» ақпараттық жүйесінің негізгі құрылымы бекітілген бірыңғай талапқа сай толық әзірленген.

Сондай-ақ жиында облыс әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Архат Байқазақовтың, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосыновтың есебі тыңдалды.

– Халыққа, кәсіпкерлерге электрондық қызмет көрсету – уақыт талабы. Геоақпараттық портал – халыққа және бизнеске өтініш берушімен тікелей байланыссыз электрондық форматта техникалық шарттарды беру бойынша қызметтер көрсетуде қолайлы жүйе. Мәселен, кәсіпкерлер өз ісін жүргізу үшін қай жерде қандай жердің бос жатқанынан, оның инженерлік құрылымынан хабардар болуы тиіс. Сол секілді жұртшылық балабақша кезегінен бастап, жер кезегін білу секілді кез келген мәліметті осы геопартал арқылы алып отыруы керек. Бұдан бөлек, ол игерілмей жатқан жерді, заңсыз кен қазумен айналысатындарды, дала өрті тұтанған аумақты анықтауға да мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар ұзаққа созылмауы тиіс. Сол үшін тиісті министрліктерге ресми хат жолдауымыз керек, – деді Бердібек Сапарбаев.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.